Май ауданында 2008 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Май ауданында 2008 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы
Еңбек нарығында жұмыссыздардың қабілетін жоғарту және жұмыспен қамтуға жәрдем ету үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 19 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыздарды кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың» Қағидасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 55 жұмыссызды кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілсін, оның ішінде 5 жұмыссыз аудан бюджетінен оқытылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру үшін қаржы қарастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Рахымжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Ресми жарияланған күннен кейін 10 күннің ішінде Заң күшіне енеді.