Об утверждении инструкции «О социальных выплатах отдельным категориям граждан района в 2008 году» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарының әлеуметтік төлем туралы» нұсқауды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «2008 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқау бектілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 2
2. «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 5. Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Успен ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 12 ақпандағы
«2008 жылы аудан азаматтарының
жекелеген санаттарына әлеуметтік
төлем туралы» нұсқауды бекіту туралы»
№ 49/2 қаулысымен бекітілді
Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және женілдіктер туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселері туралы» № 754 қаулысына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеудің тәртібін анықтайды.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мына азаматтардың құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерді мен қатысушылары (бұдан әрі - ҰОС), «ҰОС жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері, қайтыс болған ҰОС қатысушылардың әйелдері, ҰОС қаза тапқандардың тұрмысқа шақпаған әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, жеңілдік және кепілдік бойынша ҰОС қатысушылармен теңестірілгендер;
Тармақша 2
2) кірісі бекітілген кедейшілік деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар; тұрғындардың мақсатты тобына жататындарға емделу үшін;
Тармақша 3
3) аз қамтылған азаматтар; тұрғындардың мақсатты тобына жататындар; жоғары оқу орнын (бұдан әрі - ЖОО) және орта оқу орнын 2008 - 2009 жылдары бітірген жас мамандарға орналасуға және жеке ауланы дамытуға;
Тармақша 4
4) жұмыссыздар санатындағы отбасынан қайтыс болғандарға жерлеу үшін;
Тармақша 5
5) балалары жоқ жалғыз басты және мүгедектер, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бабалы аналар көмір алуға;
Тармақша 6
6) бас бостандығының айыру орындарынан босатылғандар;
Тармақша 7
7) күтпеген тосын жағдайдан күн көріс қаражатынсыз қалған азаматтар;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек бөлімі қызмет жасайтын жалғыз басты мүгедектер;
Тармақша 9
9) отбасының кірісі бекітілген кедейлік щеңберінен аспайтын аз қастамасыз етілген азаматтар-құжат алу үшін;
Тармақша 10
10) зейнет жасындағы «Ауданның құрметті азаматы» атағы бар және ауылдық жерже тұратын азаматтар;
Тармақша 11
11) 2007 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өтеп келгендер;
Тармақша 12
12) жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын ҰОС мүгедектері, қатысушылары, облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер, ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналары әр тоқсан сайын облыс орталығына барып қайту жолына;
Тармақша 14
14) ҰОС мүгедектерді, қатысушылары дәрі-дәрмек алуға;
Тармақша 15
15) Мүгедек балалар;
Тармақша 17
17) амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруына шалдыққандар-ды тамақтандыруға;
Тармақша 18
18) онкологиялық сырқаттарды химиотерапиядан өту мерзімінде өз деңгейінде тамақтандыру;
Тармақша 19
19) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына тіс салуға;
Тармақша 20
20) Облыс әкімінің гранты бойынша оқитын студенттердің тұрүына жол ақысына;
Тармақша 21
21) ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқандарға, Ауған соғысына қатысқандарға сауықтыру үшін;
Тармақша 22
22) Ауған соғысына қатысқандарға Ауғаныстаннан әскерелерді шығару Күніне;
Тармақша 23
23) ҰОС жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтар;
Тармақша 24
24) соғысқа қатысқандарға мерзімді баспасөзге жазылу;
Тармақша 25
25) Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кәсіби оқыту мерзімінде есепте тұрған жұмыссыздар;
Тармақша 26
26) қолында сал ауруына шалдыққан және қисыл қозғалысы бұзылған балалары бар жалғыз басты аналар;
Тармақша 27
27) Ұлы Отан соғысына қатысқандар, ҰОС қаза тапқандардың екінші тұрмысқа шықпаған әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль АЭС апатының салдарына жоюға қатысқандар, ең төмен көлемдегі зейнет ақы алатын жалғыз басыт және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, толық емес жұмыс өтілімен зейнетақы алатын зейнеткерлерге тұрғын-үй коммуналдық қызметке.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Осы қағиданың 1 тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер мынадай жолдармен 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27) тармақшаларында көрсетілген санаттағыларға тағайындалады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемді іске асыру үшін қажетті құжаттар тізбесі
4. Әлеуметтік төлемді іске асыру үшін қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 5
5. Нұсқаудың 1 тармағында көрсетілеген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдерді төлеу үшін төмендегі құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) 2 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Успен филиалы (бұдан әрі - МЗТО) ұсынған тізімге, ауылдық округ әкімдіктері ұсынған тізімге сәйкес;
Тармақша 2
2) 2 тармақтын 2), 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқы бар адамның жеке есеп шоты және СТН көрсетілген өтініші, жеке куәліктің көшірмесі, тұратын жерінен анықтама, материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің кірісі туралы анықтама, жұмыспен қамту бөлімінің жұмыссыздарға берген анықтамасы, медициналық мекемеден емделу қажет екенін растайтын анықтама, өтініш иесінің аталған әлеуметтік төлемді сенімді адамның атынан алуға берген өтініші;
Тармақша 3
3) 2 тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аталған әлеуметтік төлемге құқы бар адамның салықтың тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәліктің көшірмесі, ауылдық округ әкімдігі жанындағы комиссия жасаған өтініші иесінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ЖОО немесе ОАО бітіргені туралы дипломнын көшірмесі, жұмысқа қабылдану туралы бұйрық;
Тармақша 4
4) 2 тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жерлеуді атқарған адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрғын жерінен анықтама, қайтыс болған адамның мәртебесін атықтайтың құжат және қайтыс болуы туралы анықтама көшірмесі;
Тармақша 5
5) 2 тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Успен филиалымен келісілген зейнетақы көлемі, міндетті түрде СТН, есеп шот нөмірі мен жеке куәлігінің көшірмесі, тұратын жері көрсетілген өтініш;
Тармақша 6
6) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аталған әлеуметтік төлемге құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, бас бостандағынан айыру мекемесінің босатылғаны туралы анықтама көшірмесі;
Тармақша 7
7) 2 тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аталған әлеуметтік төлемге құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, материалдықтұрмыстық жайғдайын тексеру актісі, өрт немесе кенеттен болған апат салдарынан келген зиянды анықтайтын немесе тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемасы жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің жағдайы тану туралы шешімі;
Тармақша 8
8) 2 тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 9
9) 2 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аудандық мәслихат ұсынған тізімге сәйкес;
Тармақша 10
10) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – әлеуметтік төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, аудандық әскери комиссариатының 2006 – 2007 жылдары әскери борышын атқарғанын растайтын анықтама;
Тармақша 11
11) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – әлеуметтік төлемге қамқоршының СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, қамқоршылықты белгілеу туралы қамқоршылық Кеңесі шешімінің көшірмесі;
Тармақша 12
12) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – қамқоршының әлеуметтік төлемге СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама денсаулық сақтау департаментінің жолдамасы, тексерудін өту және емделу фактісін растайтын көшірме, барып қайтуға пайдаланылған билеттер, сондай-ақ қажет болған жағдайда апарып келген адамның жеке куәлігінің көшірмесі және барып қайтуға пайдаланылған билеттер;
Тармақша 13
13) 2 тармақтың 14),15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аталған төлемге құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші;
Тармақша 15
15) 2 тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жұмыс пен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізіміне сәйкес;
Тармақша 16
16) 2 тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін үшін әлеуметтік төлем өтініші, туберкулез ауруханасының анықтамасы, жеке бас куәліктің көшірмесі;
Тармақша 17
17) 2 тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, онкология ауруханасынан анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 18
18) 2 тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, медициналық мекемеден тіс салу қажеттігі туралы анықтама;
Тармақша 19
19) 2 тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізіміне сәйкес;
Тармақша 20
20) 2 тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізіміне сәйкес;
Тармақша 21
21) 2 тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аудандық МЗТО келісілген тізіміне сәйкес;
Тармақша 22
22) 2 тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – осы төлемге құқы бар тұлғаның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, ҰОС қатысушының куәлігі, тұрған жерінен анықтама, мерзімді баспасөзге жазылған төлемінің көлемі туралы құжат;
Тармақша 23
23) 2 тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – әлеуметтік төлем алуға құқы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке бас куәлігінің көшірмесі, жұмыспен қамту орталығының анықтамасы;
Тармақша 24
24) 2 тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жері туралы анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-ұжымдық комиссия анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 25
25) 2 тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – осы төлемге құқы бар тұлғаның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, дәрігерлік-ұжымдық комиссия анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 26
26) 2 тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – зейнетақы және жәрдем ақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының ұсынған тізімі бойынша.
Тарау 5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру
5. Есеп жүргізу және есеп беру
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлем туралы мәселе шешілетін бастапқы құжаттар (хаттама, тексеру актілері, анықтамалар, тізімдер т.б) «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде үш жыл сақталады.
Тармақ 7
7. Әр айдың 20-сында «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Успен ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат туралы өтінімдер ұсынады.
Тармақ 8
8. «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі Успен ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттың жұмсалғаны туралы есеп береді.
Тармақ 5
5.