О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармақшысының 13) тармақшасына сәйкес тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс пен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ж. Шаихова):
Тармақша 1
1) Жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт бойынша тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін шарт жасасын.
Тармақ 3
3. Успен ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.О. Жүніспева) әлеуметтік жұмыс орындардың аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде өз уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 8. Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі
Успен ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «12» ақпан № 50/2 «Успен ауданында 2008 жылға арналған қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысына қосымша Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі
Тармақ 1
1. Дәрігерлік комиссиясының анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар адамдар;
Тармақ 2
2. Орта жастан жоғары адамдар (50 жастағы және одан жоғары);
Тармақ 3
3. Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ адамдар;
Тармақ 4
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жылдан аса);
Тармақ 5
5. 24 жасқа дейінгі жастар.