Об организации общественных работ в Успенском районе на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Успен ауданында уақытша қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек жасау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мелекеттік мекемесі (Г.Ж. Шаихова) кәсіпорныдармен және ұйымдармен (келісім бойынша) аудандағы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмысқа келісім шарт ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, жіберілетін жұмыссыздар саны, аудандық бюджет қаражатының шығын көлемі, 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыс түрлері бектілісін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Дәрігерлік-кеңесші комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеу қойылған азаматтар және 3 топтағы мүгедек жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа олардың денсаулығына сәйкес медицина мекемелері ұсынған жұмыс түрлеріне жіберілсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбек ақы республика бойынша бектіліген төменгі айлық мөлшерінде бектілісін.
Тармақ 6
6. Успен ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Жүніспаева С.О.) әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде өз уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді. Келісілді: Успен ауданының «Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Буксман «11» ақпан 2008 ж. Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» қазыналық коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының директоры А. Қалықов «11» ақпан 2008 ж. «Успен ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы А. Ережепов «11» ақпан 2008 ж.
Басқа 9. Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі, жіберілетін жұмыссыздар саны, шығын көлемі
Успен ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпан «Успен ауданында 2008 жылғы арналған қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 48/2 қаулысына 1 қосымша Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі, жіберілетін жұмыссыздар саны, шығын көлемі р/с Кәсіпорындар мен үйымдардың атауы Жіберілген жұмыссыз адамдар саны Шығын сомасы мың теңге 1. «Успен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 100 3200.0 2. «Успен ауданының қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4 200.0 3. Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасы «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» қазынашылық коммуналды мемлекеттік кәсіпорны 4 200.0 4. «Қаратай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 200.0 5. «Богатырь ауылының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 10 400.0 6. «Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 13 350.0 7. «Ковалев ауылдық округі әкімінің аппараты» 12 300.0 8. «Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 15 430.0 9. «Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 16 450.0 10. «Тимирязев ауылы әкімі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 16 450.0 11. «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 25 700.0 12. «Надаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 10 350.0 13. «Қонырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 15 400.0 14. «Таволжан ауылының әкімі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 200.0 15. «Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 13 480.0 16. «Успен ауданы бойынша әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі 3 200.0 Қаржылық қызметі 86.6 Әлеуметтік аударылымдар 259.8 Аудан бойынша қортынды 280 9007.0
Басқа 10. 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі
Успен ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 ақпан «Успен ауданында 2008 жылғы арналған қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 48/2 қаулысына 2 қосымша 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі
Тармақ 1
1. Тұрғылықты пінктерінде қолмен жинау жұмыстары; тоғызы жеткен құрылымдары бұзұ, қоқыстарды шағыру, автожолдардың жиегінде шөптерді және бұталарды шауап алу, қардың және қарлы борасындардан тазалау, көк тайғақпен күрес жүргізу.
Тармақ 2
2. Мәдениетті және тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру және жөндеу.
Тармақ 3
3. Тұрғылықты пунктердің экологиялық жағдайын жақсарту (көгаландыру және көріктендіру).
Тармақ 4
4. Мәдени маңыздағы көлемді шаралардың өткізуінде көмек (спорттық жарыстар, фестивальдар) көрсету.
Тармақ 5
5. Балалардың қысқы және жазғы бос уақытын ұйымдастыру; шаңғы жолдарын жасау, қысқы қалашықтар, спорттық жазғы алаңдар.
Тармақ 6
6. Республикалық және аумақтық қоғамдық науқандардың өткізуінде көмек (қоғамдық пікір-сұрау, халық санағында қатысу, мүлік ресмилендіруінде көмек және т.б.).
Тармақ 7
7. «Успен аудандық қорғаныс ісі» мемлекеттік мекемесіне тіркеу және әскерге шақыру жүргізуге көмек көрсету.
Тармақ 8
8. Учаскелік комиссияға үйлерді аралап шығуда көмек көрсету.
Тармақ 9
9. Қоғамдық және мәдениетті-әлеуметтік объектілерді қорғау.
Тармақ 10
10. Жалғызбасты, кәрі кісілергі және ауру мүгедектерге оттын дайындауында, көмір кіргізуге көмек көрсету.
Тармақ 11
11. Мектеп асханаларында жұмысшылар ретінде көмек көрсету.
Тармақ 12
12. Мәдениет-әлеуметтік маңыздағы және қоғамдық ұйымдарда от жағушылар.
Тармақ 13
13. «Успен ауданы бойынша әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) бұқаралық шаралар өткізуге (тұрғындардың есебін алу, төлқұжаттандыру және т.б.) көмек көрсету.