О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2008 жылға арналған қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған нысаналы топтарға жататын тұлғалардың мынадай қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жас аралығындағы, соның ішінде бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын аяқтаған және жұмыс өтілі жоқ жастар;
Тармақша 2
2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
Тармақша 3
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
Тармақша 4
4) отбасында бірде -бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
Тармақша 5
5) жалғызілікті тұрып жатқан тұлғалар;
Тармақша 6
6) «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау
және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар.
Қаражат шығыны жұмыссыздарға әлеуметтік көмек бойынша қосымша шара ретінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгііленген ең аз еңбекақы көлемінен кем болмайтын мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) нысаналы
топқа жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушімен келісілген шарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
А. А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн
өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.