О порядке отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын үымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты «жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 18-1 баптарына сәйкес және халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Екіібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін және бекітілсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс беруші жұмыс түрлері мен ауқымын, мөлшері мен еңбек шартын көрсете отырып, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және элеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырыс береді;
Тармақша 2
2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов): комиссияның қарауына құжаттар дайындауды іске асырады; нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды, соның ішінде жастар тәжірибесінен өту үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс берушілерге әдістемелік комек корсетеді; комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын кұру шартын, жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру тәртібін анықтайтын және қаржыландыратын ұйымдарды ұсынатын жұмыс берушілермен комисия шешімінің негізінде келісімшарт жасайды; әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналыстыру үшін іріктеуден өткен жұмыссыздарды ұымдар мен кәсіпорындарға жібереді.
Тармақ 3
3. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановага жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланган күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.