Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мугедектер үшін жұмыс орындарының 2008 жылға арналған квотасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бап 1-тармақ 13-тармақшасына, Еңбек кодексінің 18-бап 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бап 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бап 1-тармақшасына сәйкес және жұмыссыз ретінде тіркелген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуде әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мугедектер үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) жұмыс перушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен квоталық жұмыс орындарына мугедектердің жұмысқа орналасуына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.