Об организации общественных работ на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11, «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-11 Заңдарына және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер мемлекеттік мекемесі «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін өңір ұйымдарында және кәсіпорындарында қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. 1-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және оларды қаржыландыру үшін уақытша жұмыс орындарын ашуға қатыстырылатын капиталда мемлекеттік мүліктің 100% үлесімен кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қатыстырылатын басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі осы қаулының 1- қосымшасындағы 1,2,3 тармақтарында көрсетілген жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін құнды ұсыныстардың және өткізілген тендердің қорытындысы бойынша анықталсын.
Тармақ 5
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жұмыс берушілер арасында келісім шартты жасарда қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарттары жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. 0сы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан туындығын құқықтық қатынаста таратылады. КЕЛІСІЛДІ: Павлодар облысы денсаулық сақтау Департаментінің директоры Г. Аубанова 2008 жылғы "23" қаңтар