О предоставлении компенсации за пользование коммунальными услугами и услугами телефонной связи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен мүгедектерге 2008 жылы телефон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалануына өтемақы беру туралы
Қазақстан Рспубликасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлмлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлгаларға жеңілдік беру және әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20- бабына Сойкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті IV сессия) 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешімінің негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов):
Тармақша 1
1) келісім шарттар негізінде түрғындарға коммуналдық қызмет пен телефон байланысы қызметін көрсететін кәсіпорындармен (бұдан әрі кәсіпорындар) өзара әрекет етсін;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне берілетін өтемақыны қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш бойынша
Кәсіпорындардың есеп шоттарына ақшалай қаржы аудару жолымен, қолма-қолсыз нысанда тағайындасын және төлесін;
Тармақша 3
3) тұргындарға коммуналдық қызметті көрсетуші Кәсіпорындардың мәліметтері бойынша ай сайынғы телофон байланысы қызметін және коммуналдық қызметті пайдалану өтемақы мөлшерін өткен айға айсайын төлеп отырсын;
Тармақша 4
4) жалғыз және әйелімен тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушыларына коммуналдык қызметтің және телефон қызметінің барлык
түрлеріне, соның ішінде абоненттік төлем қызметіне өтемақыны толық
төлемде тағайындасын;
Тармақша 5
5) жылу қуаты үшін шығынды жэне түрғын-жайды үстау өтемақысын
тұрғынжайдың жалпы алаңынан 30 шаршы метрге, электр қуаты үшін
киловатт сағатқа, тек қана отбасы құрамындағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне төлесін.
¥лы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қалған коммуналдық қызмет шығынының өтемақысын қолданылып жүрген тарифтер бойынша жүргізсін.
Ыстық және суық суды есептейтін құралдары барларға шығындар өтемақысын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің үлесіне қарай есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша жүргізсін.
Телефон қызметі байланысына абоненттік төлемнің шығын өтемақысын қолданыстағы тариф бойынша толық көлемде төлесін;
Тармақша 6
6) Екібастұз өңірінің ауылдык аймақтарында және Екібастұз каласының жеке меншік үйлерінде тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мугедектеріне өтемақы көлемін телефон байланысы қызметі мен коммуналдық қызметті нақты тұтынуына қарай осы қаулының 1-тармақ 5-тармақшасында көрсетілген шама мөлшерде есептесін;
Тармақша 7
7) коммуналдық қызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақы берумен байланысты шығынды қаржыландырудың 2008 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық кызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақы өтініш берген уақытына қарамастан 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап тағайындалсын.
З. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Л. Қүрмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.