Об установлении ставок платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5/71-ІV шешіміне қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкалары Р/с № Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Қалдық- тардың қауіпті-лік деңгейі Ставка-лары, теңге 1. Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары 1 шартты тонна 1590 2. Ластаушы заттардың қозғалмалы  көздерден шығарындылары: пайдаланыл- ған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна) этилденбеген бензин үшін 710 дизель отыны үшін 967 сұйытылатын, сығылған  газ үшін 700 3. Ластаушы заттардың төгінділері: шартты тонна су көздеріне 2 28960 жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне 11050 4. Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3 тонна 770 5. Өнеркәсіптік  қалдықтар: өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру тонна "қызыл" тізім 23416 "янтарь" тізім 11683 "жасыл" тізім 2921 жіктелі мегендер 1511 халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін "янтарь" тізім 4166 Бұдан басқа аршынды жыныстар 4 тонна 7 байыту шлактары, шламдары, қалдықтары 4 36 күл мен күлшлактар 4 тонна 60 ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары тонна 261 6. Радиоактивті қалдықтар: гигабек-керель трансуранды қалдықтар 2 060 альфа - радиоактивті қалдықтар 1 030 бета - радиоактивті қалдықтар 103 шынақты радиоактивті көздер 1 030 7. Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары шартты тонна 45851 Ескертпе:
Тармақша 1
1) ІSО 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 1 0,75 коэффициенті; 4 0,75 коэффициенті енгізіледі;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына: энергия өндіруші ұйымдар; табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффиценттер енгізіледі 1 0,3 коэффициенті; 2 0,43 коэффициенті; 4 0,25 коэффициенті;
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 3 0,2 коэффициенті;
Тармақша 4
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
Тармақша 5
5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.