Оборганизации социальных рабочих мест в 2008 году по Ерейментаускому району Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес нысаналы топтарды қосымша әлеуметтік қорғау шараларын орнату мақсатымен Ерейментау аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылы кәсіпорындар мен мекемелерде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орнын құрған кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орнындарында жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражатынан және жұмыс берушінің жартылай өтем шығынынан төленсін (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. «Ерейментау аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын 2008 жылғы ауданның әлеуметтік аудандық даму көрсеткіштерінің орта мерзімді жоспарына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 4 сәуірдегі № а-4/88, Ерейментау ауданының әділет Басқармасында 2007 жылдың 17 сәуір тіркелген № 1-9-82 және 2007 жылдың 25 сәуіріндегі «Ереймен» газетінің № 46 жарияланған және «Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі № а-4/88 «2007 жылы Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылдың 10 тамызындағы № а-8/272 Ерейментау ауданының әділет Басқармасында 2007 жылдың 21 тамызында № 1-9-88 тіркелім № 100-101 «Ерейментау» газетінде 2007 жылдың 25 тамызында жарияланған қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және кезекті басылымда міндетті түрде ресми жариялану тиіс.
Тармақ 7
7. Нақты қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға бастап таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаеваға жүктелсін.
Басқа 9. Құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
2008 жылдың 14 ақпан № а-3/41
Ерейментау ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
№
Кәсіпорын атауы
Құрылатын жұмыс орындарының саны
1
«Адал-Нан» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
2
«Ақдым-1» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
3
«Алиби-Павловка» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
4
«Арман» шаруа қожалығы
1
5
«Артемида» шаруа қожалығы
3
6
Бестоғай ПСЖ» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
7
«Благодат-2000» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
2
8
«Вефиль-2005» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
4
9
«ВК-Агро» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
10
«Дәрмен» шаруа қожалығы
2
11
«ДПН» шаруа қожалығы
3
12
Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жұмысын жүргізу құқығындағы «Жылусервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
3
13
«Еркіншілік элеватор-2002» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
3
14
«МуСаИмпэкс» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
2
15
«Новомарковка» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
16
«Сілеті-Аст» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
17
«Толқын бидай» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
18
«Торғай» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі
1
19
«Эльбор» өндірістік кооперативі
3
Барлық жұмыс орны
35