Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2008 жылға арналған квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер үшін квота Алтынсарин ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы көлемінен үш пайыз мөлшерінде жұмыс берушілерге белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) мүгедектердің жұмыс орындарына жұмысқа тұруға квотаға сәйкес жолданылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 36 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2007 жылға арналған квотасын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.