Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 80 бабының 2 тармағы және 85 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы от 21.12.2007 г. № 7-36 (Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы)
1. Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес төмендегідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер- 1535703 мың теңге,
соның ішінде:
салықтық түсімдер - 55510 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 11707 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 11997 мың теңге.
Ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1456489 мың теңге,
соның ішінде:
нысаналы даму трансферттері - 172801 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттері - 58717 мың теңге;
субвенңиялар - 1224971 мың теңге;
2)шығындар - 1535703 мың теңге;
3)операциялық сальдо 0 теңге
2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте төмендегідей түсімдер
көзделсін:
1)меншікке салынатын салық;
2)жер салығы;
3)көлік құралдарына салынатын салықтар;
4)бірыңғай жер салығы;
5)акциздер;
6)табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
7)кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алым;
8)мемлекеттік баж;
9)мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер;
10)мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кipicтep;
11)мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен ұсталынатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
12)басқа да салықтық емес түсімдер;
13)жерді сату;
14)облыстық бюджеттен түсетін трансферттер.
3. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 2008 жылға арналған субвенция мөлшері жалпы 1224971 мың теңге сомасында берілетіндігі белгіленсін.
4. Аудан бюджетінде келесідей нысаналы даму трансферттері көзделгендігі ecкерілсін:
инженерлік коммуникаңиялық инфрақұрылымды дамытуға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен 60 млн теңге және облыстық бюджеттен 13994 мың теңге;
тұрғын үй салуды дамытуға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен 31846 мың теңге және облыстық бюджеттен 12 млн теңге;
мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуды дамытуға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен 694 мың теңге.
5. Қарастырылған облыстық бюджеттегі аудан бюджетінде келесідей нысаналы транферттер ескерілген:
табысы аз отбасыларына 18 жасқа дейін балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 3300 мың теңге;
лингафондық және мультимедиялық кабинет сатып алуға - 5582 мың теңге; физика, химия және биология кабинеттерін оқу-жабдықтарымен жарақтандыруға - 7022 мың теңге;
интерактивтік оқыту жүйесін енгізуге - 28077 мың теңге.
6. Аудандық бюджетті жұмсауға төмендегідей қаржы қарастырылсын:
1)жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсетуіне 107171 мың теңге;
2)қорғанысқа 132 мың теңге сомасында;
3)білім беру мекемелеріне 1059377 мың теңге;
4)әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 88047 мың теңге;
5)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 154038 мың теңге;
6)мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 60236 мың теңге;
7)ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастарына 9682 мың теңге;
8)өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 6521 мың теңге;
9)көлік және коммуникацияға 32516 мың теңге;
10)басқа да жергілікті органдарына 17983 мың теңге сомасында.
7. Аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімінің 2008 жылға арналған резерві 12460 мың теңге сомасында бекітілсін.
8.№ 2 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджеттік ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізімі бекітілсін.
9.№ 3 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларының тізімі бекітілсін.
10.№ 4 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізімі бекітілсін.
11. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімнің бастығы
Жұмабек Әбдіұлы Жұбанов
21.12.2007ж.