2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 80, 85-баптарына және аудан әкімдігінің ұсынысына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті №1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 6631474 мың теңге;
салық түсімдері - 759334 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2491 мың теңге;
негізгі капиталдарды сатудан түсетін түсімдер - 64648 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 5805001 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 6573725 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 57749 теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру —1227 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1227 мың теңге;
Тармақша 5
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 58976 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) —58976 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 58976 мың теңге.
Тармақ 2
2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2008 жылға арналған шұғыл шығындарға арналған резерві 8500 мың теңге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін арналған төтенше резерві 8500 мың теңге сомасында белгіленсін.
Тармақ 3
3. 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, 2008 жылы аудандык бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарын қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларының тізбесі №4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13
Басқа 14
Басқа 15
Басқа 16