Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармағына, 9 бабының 2 тармағына сәйкес және Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптама Кеңесінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 8 хаттамасы негізінде, жұмыс орнын іздеуде қиыншылық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсаттарында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (З.Б.Қазияқпарова) жұмыс берушілерден түскен өтінімдерге сәйкес жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағын басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және әрекетке енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бері пайда болған құқық қатынастарға таралады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
З.Б.Қазияқпарова
2008 жылғы «20» 03