Об утверждении перечня целевых групп населения на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының 2008 жылға арналған тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарының 2008 жылға арналған тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 73 "Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-56, "Арқалық хабары" газетінің 2007 жылғы 2 наурызда жарияланған), 2007 жылғы 24 қазандағы № 542 "2007 жылғы 19 қаңтардағы № 73 "Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-73 "Арқалық хабары" газетінің 2007 жылғы 2 қарашадағы 47(172)-нөмірінде жарияланған) қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
Басқа 5
Арқалық қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 26 ақпандағы
№ 45 қаулысына қосымша
Халықтың нысаналы топтарының 2008 жылға арналған тізбесі
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі
балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты
зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған
адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жиырма тоғыз жасқа дейінгі кәсіби даярлау және қайта
даярлаудан өткен жұмыссыздар, бастауыш, орта, жоғары кәсіби білімдері бар түлектер;
Тармақша 12
12) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ұзақ
уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыссыз ретінде
тіркелген адамдар;
Тармақша 13
13) елу жастан асқан адамдар;
Тармақша 14
14) жазғы демалыс мерзімінде жоғары, арнаулы орта және бастауыш кәсіби білім беру оқу орындарының оқушылары.