Құжат мәтініне өту

2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы

Қаулы · № 56 · қабылданған 08.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.02.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38561/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 56 ·08.02.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы

ҚАЗ2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 56 · қабылданған 08.02.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
56
Қабылданған күні
08.02.2008
Көрсетілген редакция
08.02.2008 · қолданыстағы 38561_319086.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
08.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZF000060
ЭКБ идентификаторы
38561
Редакция идентификаторы
38561_319086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:02

0 2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, тасқын суды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету, жайылмаларды және негізгі су қоймаларын суға толтыру және 2008 жылғы көктемгі лайсан кезінде жолдардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Менеевтің төрағалығымен тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

2 2. Ауылдық округтер әкімдері апталық мерзім ішінде тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі комиссиясын құрсын және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты жұмыс істеуі және өз аумақтарында тасқын суды апатсыз өткізу жөнінде шаралар әзірлесін:

1 1) жағдайлар туралы ақпараттар жинау мен талдау, оған баға беру және елді-мекендерді, өндірістік ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды су басу фактілеріне жол бермеу үшін шаралар алатын оперативтік топтар құрсын;

2 2) тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық объектілердің іргілері мен төбелерін қар мен мұздан дер кезінде тазалау жөнінде шаралар алсын;

3 3) тасқын су кезінде тәулік бойы кезекшілік қойылсын, күн сайын аудандық комиссияға 21-0-35, 22-0-58, 21-7-33 телефондары бойынша жағдай хабарланып отырылсын.

3

3. «Қанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Әмірғалиев) автомобиль жолдарын топырақ үйінділерімен қорғауды қарастырсын, құбырлар мен көпір құрылыстары арқылы су жолдарын қадағалап, кезекшіліктер ұйымдастырсын. Тасқын су басып кетуі мүмкін жол учаскелері қадағаланып, одан өту тәртібі белгіленсін.

4 4. Аудандық ішкі істер бөлімі (Наурзалиев) тасқын су арқылы қозғалысқа қауіпті учаскелерде қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы дер кезінде шаралар алсын.

5 5. Батыс Қазақстан Республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорнының Жәнібек учаскесіне (Жұмағалиев) су тоғандарын, су қоймаларын, магистралді және басқа каналдарды дайындау жөнінде инженерлік-техникалық шараларды іске асыру ұсынылсын.

6

6. «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ашық акционерлік қоғамдығының Жәнібек аудандық электроторабы (Дүйсекенов) мен телекоммуникация торабы (Айтенов), «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Жәнібек газ учаскесі (Уәлиев) тасқын су кезінде электр, байланыс желілерін және жердегі газ құбырларын қорғауды және сақтауды қамтамасыз ететіндей нақты шаралар әзірлесін.

7 7. Ауылдық округ әкімдері мен «Жәнібек аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Мұсағалиев) тасқын су алдында стационарлық емделуді қажет ететін ауруларды анықтап, оларды дер кезінде аудандық ауруханаға жеткізу шараларын қамтамасыз етсін.

8 8. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия осы жылдың 1 наурызына дейін.

1 1) құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, адамдар мен материалдық құндылықтарды дер кезінде көшіруге арналған шұғыл әрекет ету отрядының әзірлігін тексерсін;

2 2) болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою үшін жану-жағар май материалдарының қоры, қапшықтар әзірленсін;

3 3) жүзу және құтқару құралдары толық әзірлікке келтірілсін.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Менеевке жүктелсін.

9 9. Осы қаулы Жәнібек ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізіледі.

17 Тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 8 ақпандағы «2008 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы»
№56 қаулысына қосымша
Тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Қазбек Абдолғазезұлы Менеев - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Нұрболат Ұлданұлы Жұмағалиев - Батыс Қазақстан Республикалық Мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорнының Жәнібек учаскесінің бастығы (келісім бойынша).
Мейрамбек Кеңесұлы Айтенов - аудандық телекоммуникация торабының бастығы (келісім бойынша);
Төлеген Жазитұлы Әмірғалиев - «Қанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы (келісім бойынша);
Ерсайын Насихұлы Дүйсекенов - «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ашық акционерлік қоғамдығының Жәнібек аудандық электроторабының бастығы (келісім бойынша);
Талғат Ситекұлы Есенбаев - аудандық №20 өрт сөндіру бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Хаболкәкім Қажғалиұлы Қажғалиев - аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;
Қабдреш Қапайұлы Қапаев - «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы (келісім бойынша);
Аман Бақытұлы Кәрімов - жол полициясының аудандық мемлекеттік бас инспекторы (келісім бойынша);
Біржан Қайырғалиұлы Куаналиев - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;
Тимур Қапезұлы Мұсағалиев - «Жәнібек аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);
Нұрғали Мергенұлы Наурзалиев - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Едіге Әбетұлы Өтебалиев - аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси» газетінің редакторы;
Рауль Айболатұлы Өтемісов - Жәнібек ауылдық округінің әкімі;
Елғон Құсайынұлы Тарғынов - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі;
Амангельды Мырзағалиұлы Уәлиев - «КазТрансГазАймақ» акционерлік Қоғамы Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Жәнібек газ учаскесінің бастығы (келісім бойынша);
Еркінғали Өтежанұлы Хасенов - аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі;
Жандос Амангелдіұлы Уәлиев - аудандық тұрғын үй, коммуналдық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бас маманы, комиссия хатшысы.