О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников на 2008 год по Павлодарской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы бойынша 2008 жылға арналған жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 454-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы бойынша 2008 жылға арналған жер үстi су көздерiнiң ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетін төлемақы мөлшерлемелерi көрсетiлген шешiмнiң қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4. Павлодар облысы бойынша 2008 жылға арналған жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері
Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған IV сессиясы) 2008 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар облысы бойынша 2008 жылға арналған жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 64/4 шешіміне қосымша Павлодар облысы бойынша 2008 жылға арналған жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері Р/с № Арнайы су пайдалану түрлері Өлшем бірлігі Мөлшерлемелері теңге тиын 1 2 3 4 5 1 Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер текше метр 4,53 2 Өндіріс, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер) текше метр 13,02 3 Ауыл шаруашылығы текше метр 3,66 4 Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары текше метр 3,66 5 Су көздерінен су алмайтын су қоймаларында балық өсірумен айналысатын балық шаруашылықтары өнімнің тонна 92,49 6 Су көліктері т.км 0,52