О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19, 20 баптарына сәйкес және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығы мен «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру Ережесі» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шакыруды кейінгі калдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оку орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қосымшаға сәйкес шакыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігері Қаныш Болатұлы Бижановқа ұсынылсын (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шакырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда
тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметкерлер мен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандағы емдеу мекемесінде әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеруден өткізу үшін орын қарастырылсын;
Тармақша 3
3) шақыру учаскесін кажетті аспаптармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Геннадьевна Дышкантқа Ғабит Мүсірепов атындағы аудандык Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуды өткізу үшін бюджетте қаралған қажетті қаражатты уақытылы бөлінуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтердің әкімдері персоналдық әскерге шақыру қағазында көрсетілген мерзімінде әскери шақырылушыларды шакыру комиссиясына келуін және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Дулат Бекейұлы Ғабдуллинға (келісім бойынша);
Тармақша 1
1) әскерге шакырылу кестесін әзірленсін және бекіту үшін ұсынылсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырудың қорытындысы туралы аудан әкіміне әскери шақыру аяқталған соң акпарат берсін.
Тармақ 7
7. Әскерге шақыру комиссиялырының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай ақ кызмет көрсету персоналы адамдарына осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д.Б.Ғабдуллин
2008 жылы 13 сәуір
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазакстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы «Аудандық емхана» комуналдық
мемлекеттік қазыналык кәсіпорнының
бас дәрігері
Қ.Б.Бижанов
2008 жылы 13 сәуір
Басқа 15. Аудандык әскерге шақыру комиссиясының күрамы
Аудан әкімдігінің
2008 ж. «04» сәуірдегі № 82
қаулысына қосымша
Аудандык әскерге шақыру комиссиясының күрамы
Ғабдуллин Дулат Бекейұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;
Уразалин Марат Толегенұлы - азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша аудан әкімі аппаратының бас маманы комиссия төрағасының орынбасары.
Журавлев Юрий Григорьевич - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;
Селезень Алексей Николаевич - Қазакстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын емханалық жұмысы бойынша бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы дәрігерлік комиссия төрағасы;
Бейкель Светлана Николаевна - Қазақстан Республикасының денсаулық сактау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын аға медбикесі, комиссия хатшысы.
Әскерге шакыру комиссиясының резервтік құрамы
Мұратбеков Рамазан Рашидұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, комиссия төрагасы;
Тайшабаева Алтыншаш Жүлдызбеккызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Ақтаев Ибрагим Салықұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастыгының орынбасары;
Бижанов Қаныш Болатұлы - Қазақстан Республикасы денсаулык сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорын бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы;
Сергеева Любовь Андреевна - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын медбикесі, комиссия хатшысы.