Әулиекөл ауданы аумағында 2008 жылғы көктемгі су тасқынын өткізуге даярлық туралы Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданы аумағында 2008 жылғы көктемгі су тасқынын өткізуге даярлық туралы
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, халық шаруашылығының барлық саласының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел басқару мен көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел басқару қызметтерімен өзара іс-әрекет жасау үшін Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданы аумағында су тасқынына қарсы шараларының 2008 жылға арналған жоспары әкімдіктің қаулысының қосымшасынв сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Село, селолық округтер мен поселке әкімдеріне 2008 жылғы 30 наурызға дейін:
Тармақша 1
1) Әулиекөл ауданының 2008 жылға бекітілген жоспарына сәйкес су тасқынын кедергісіз өткізу бойынша шараларды өткізу ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) су тасқынының кезеңіне тәулік бойына апаттық бригада кезекшілігі мен жауаптыларды тағайындап, оларды қажетті техника, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тұрғындарды су тасқыны уақытында азық–түлік және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындар басшыларына, меншік түріне қарамастан, өздеріне бекітіліп берілген су қоймаларын, бөген, бөгетшелерді және басқа гидротехникалық имараттарды мұқият тексеріп, судың апатты қашыртқыларын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Ауданның жол ұйымдарының басшыларына: «Прогресс», «Қостанай жолдары» корпорациясының Семиозер өндірістік жол учаскесіне Шинкаренко В.П. - келісім бойынша, «Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай облыстық филиалының 55-жолды пайдалану учаскесіне Шеремет И.В. - келісім бойынша) өздеріне бекітілген жол учаскелерінде су жіберетін имараттарды қардан тазарту, жер қыртысы арқылы су жайылуы мүмкін жерлерді анықтап және жолдар мен жер қыртысының бұзылуына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Су тасқынына қарсы шараларды өткізу бойынша жұмыс төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі аудандық комиссияға жүктелсін;
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалу барысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қуанышбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Әулиекөл ауданы бойынша 2008 жылғы су тасқынына қарсы шаралардың
жоспары
Бекітілді
аудан әкімдігінің
2008 жылғы 21 наурыздағы
№ 59 қаулысымен
Әулиекөл ауданы бойынша 2008 жылғы су тасқынына қарсы шаралардың
жоспары
№ р/т
Шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Жауаптылар
1.
Аудан аумағындағы бөгендер мен бөгетшелерді және басқа гидротехникалық имараттарды тексеру
наурыз
Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маманы, село, поселкелік, селолық округтер әкімдері
2.
Елді мекендерде шатырлардың қарын күреу, су жүретін каналдар мен құбырларды тазарту ұйымдастырылсын
наурыз - сәуір
Село, поселкелік, селолық округтер әкімдері
3.
Су тасуы жағдайында елді мекендер мен шаруашылық объектілерінде тұрлаулы байланыспен және электрмен жабдықтау қамтамасыз етілсін
Су тасқыны кезеңі бойына
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Қостанай қаласы Әулиекөл аудандық телекоммуникация торабы (келісім бойынша); «Қостанай Энерго Орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Әулиекөл аудандық электр желісі (келісім бойынша)
4.
Су тасқыны басталғанша тұтынуға жеткілікті мөлшерде азық-түлік тауарларын жеткізу ұйымдастырылсын
наурыз - сәуір
Село, поселкелік, селолық округтердің әкімдері
5.
жерлердің сұлбасын әзірлеп, қысылтаяң жағдайда жарылыс жұмысын жедел атқару мүмкіндігі келісілсін
Су тасқыны кезеңі бойына
аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маманы
6.
Жанар - жағар майдың қажетті қорын жасап, көлік пен техниканың сапалы және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Су тасқыны кезеңі бойына
«Прогресс» «Қостанай Жолдары» корпораңиясының Семиозер өндірістік жол учаскесі (келісім бойынша); Республикалық мемлекеттік «Қазақ автожол» кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалының № 55 жолды пайдалану учаскесі (келісім бойынша)
7.
Су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар кезеңіне іс - әрекет жасауға тұрғындарды оқытуды жүргізу
наурыз
Село, поселкелік, селолық округтер әкімдері, Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маманы
8.
Су тасқыны алдындағы кезеңде және су тасқыны кезінде атқарылған жұмыс пен ағымдағы жағдайды күн сайын төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасына баяндап отыру
Су тасқыны кезеңі бойына
Село, поселкелік, селолық округтер әкімдері, Әулиекол ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маманы
9.
Су тасқыны өту кезеңіне басшы құрамның тәулік бойы кезекшілік кестесі жасалды
наурыз
Әулиекол ауданының барлық селолық округтері бойынша