О возмещении затрат за проезд на общественном пассажирском транспорте отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2008 жылғы қоғамдық жолаушылар көлігіндегі жол жүру шығындарын өтеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» №752/10 қаулысын орындауда және қала азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігіндегі жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлігінде толық билет құнының 50% көлеміндегі жеңілдікпен жол жүру құқығы келесі санаттағы азаматтарға белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) 3 топтағы мүгедектер;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар;
Тармақша 4
4) аз қамтамасыз етілген отбасылардағы Екібастұз қаласының жоғары оқу орындарының студенттері және колледждер мен кәсіби мектептердің оқушылары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар жеңілдікпен жол жүру құқығын растау үшін кондукторга (бақылаушыға) міндетті түрде келесі Құжаттарды:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер үшін-зейнеткерлік куәлікті;
Тармақша 2
2) 3 топтағы мүгедектер үшін- мүгедектігі туралы куәлікті;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар үшін-«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен (келісім бойынша) көп балалы ананың мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатынын растайтын анықтаманы ұсынулары қажет;
Тармақша 4
4) осы қаулының 1-тармағы 4-тармақшасында көрсетілген санаттар әлеуметтік көмек алуға ай сайын төлем жүргізу үшін «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне міндетті түрде келесі құжаттарды: -жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; -үй кітабының көшірмесін немесе тұрғылықты жерінен анықтама; -СТН көшірмесін; -оқу орнынан анықтама; -мәртебесін растайтын құжатты; -«Қазпошта» акциоперлік қоғамының пошта байланысынан жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтінішті тапсырулары қажет.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» (С.А.Арыстанов), «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелері (Л.П.Векшина) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Екібастұз орталық диспетчер қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (М.М.Мүхамеджанов) және қоғамдық жолаушылар көлігінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпорындармен (бұдан әрі-Кәсіпорындар) (келісім бойынша) бірлесіп, қалаішілік жолаушылар бағыттарындағы азаматтардың жекеленген санаттарының жолаушылар ағынына айына бір рет мониторинг жүргізсін.
Тармақ 4
4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.П.Векшина) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Екібастұз қаласының қалаішілік жолаушылар тасымалының жалпы көлеміндегі әр Кәсіпорынның қатыстық үлесі туралы пайыздық қатынаста мәлімет берсін.
Тармақ 5
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. А. Арыстанов):
Тармақша 1
1) азаматтардың жекеленген санаттарын қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша көрсетілген қызметті өтеу үшін кәсіпорындармен келісім-шарт жасасын;
Тармақша 2
2) осы қаулының 4-тармағына сәйкес, әр кәсіпорынның қатыстық үлесі туралы берілген мәлімет бойынша азаматтардың жекеленген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігіндегі жол жүру шығындарын кәсіпорындарға өтеу үшін есеп айырысу жасасын;
Тармақша 3
3) Кәсіпорындарға шығындарды өтеу осы қаулының 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген есеп айырысу негізінде жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарлары А.А.Құрмановаға және Н.В.Дычкоға жүктелсін.