О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылдың сәуірде - маусымда және қазанда - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармаққа 8) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағы, 20 бабының 3 тармағы, 23 бабындағы 1 тармаққа «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери кызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуірде-маусымда және қазанда -желтоқсанда; кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуріндегі № 563 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы №623 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жәңе басқа да әскери ұйымдарына шақыру ұйымдастыруы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 20 бабындағы 1 тармағы негізінде:
Тармақша 1
1) шақыру комиссия құрамы құрылсын:
комиссия төрағасы - ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісу бойынша);
комиссия төрағасының орынбасары - «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы;
комиссия мүшелері:
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісу бойынша);
дәрігерлік қызметшілердің жұмысын басқаратын дәрігер (келісу бойынша), дәрігерлік комиссия төрағасы;
комиссия хатшысы.
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына түсетін үміткерлер мен шақыруға жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін шақыру комиссия құрамда дәрігерлік комиссия құрылсын, онда дәрігерлер-мамандары енгізілсін (келісу бойынша): терапевті, фтизиатрды, психиатрды, отоларингологті, патологті, тіс дәрігерді, дерматовенерологты, хирургты, рентгенологты, көз дәрігерін.
Тармақ 3
3. Тимирязев аудандық поликлиниканың бас дәрігері Даирова С.Н. ұсынылсын (келісу бойынша):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөліммен келісілген кесте бойынша, шақырушылардың амбулаторлық және диспансерлік карталарын, қажетті анализдер тапсыру өткізілсін де медициналық есепте тұратын шақырылушылар тізімі ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұрауы бойынша шақыру комиссияға берілсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі бар төрт мейірбике белгіленсін.
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмысшылары мен қызмет етудегі персоналдың негізгі жұмыс істеу ұйымдарының басшылары осы міндеттерді орындау кезінде олардың жұмыс және лауазымдық орындарын мен жалақыларын сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме әскери қызметке азаматтарды шақыру өткізуіне арналған қаражатты дер кезінде бөліп «Жалпы әскери міндеттерді орындау аясындағы шараларға» 122-005-000 бюджет бағдарламасы бойынша қамсыздандырсын.
Тармақ 6
6. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге күші бар заңға сәйкес шақыруды өткізу уақытқа еңбекақы төлеуімен үш адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбекті шарттар бекітсін, сонымен қатар автомобильдік көлік жалға алуға қаражат бөліп қамсыздандырсын.
Тармақ 7
7. Селолық округтердің әкімдері шақыру комиссияға алыс жерде тұрушы әскер қатарына шақырылған адамдарды, тұрақ орынынан шақыру пунктіге дейін және тұрақ орынына дейін кері жауапты бірге жүруші тұлғамен жеткізуін қамсыздандырсын.
Тармақ 8
8. Ұйымдардың басшылары шақыруға жататын азаматтарды іссапарлықтан, демалыстардан шақырып алсын және оларға хабарлау және шақыру учаскеге дер кезінде келіп жетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Константинов А.Н. (келісу бойынша) шақыруды өткізу кестесін бекіту үшін әзірлесін де ұсынсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік сұрақтар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Ганжа Л.В., ауданның қорғаныс істері жөнінде бөлімінің бастығы Константинов А.Н. (келісу бойынша) жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
«3» сәуір 2008 жылы
Даирова Сәбира Науқанқызы
Тимирязев аудандық
поликлиникасының бас дәрігері
«3» сәуір 2008 жылы
Константинов Александр Николаевич
Тимирязев ауданның қорғаныс істері
жөнінде бөлімінің бастығы
«3» сәуір 2008 жылы
Султанов Қайрат Қаирбекұлы
Тимирязев аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы