Об организации призыва на срочную воинскую службу на территории Аккайынского района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Аққайың ауданының аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 19 бабы 3 тармағына, 23 бабы 1 тармағына, 44 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді эскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шағару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығы, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі қызметін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігін толықтыру үшін қажет санда мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыруды өткізу үшін қосымшаға сәйкес құрамдағы аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдері шақырылушылардың медициналық комиссиядан өту үшін жеткізілуін және әскери қызметін өтеу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қ.А. Күшенов шақыру және азаматтарды мерзімді әскери қызметке жіберу кезінде шақырылушылардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, интернационалист-жауынгерлермен кездесуін өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Кізақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) Б.А. Мүстафина: комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен, медициналық қызметкерлермен толықтырсын, сондай-ақ мүлікпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін; рентген кабинетінің, функционалды диагностика кабинетінің, анализ тапсыру зертханаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазакстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) Б.З. Ыбыраев шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеру үшін аудандық орталық ауруханада орындар қарастырсын: терапевтік бөлімде - 10 орын; хирургия бөлімде - 4 орын.
Тармақ 7
7. «Аққайың аудандық каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.В. Гонтарь азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша шараларға шығыстарды жергілікті бюджет каражаты есебінен арнайы бөлінген қаржы шегінде уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудан әкімі аппаратының басшысы шақыруды өткізу мерзіміне шақыруды материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін техникалық жұмысшылардың 2 штаттық бірлігін (іс жүргізушілер) жұмысқа қабылдасын, шақырылушыларды тасымалдау үшін көлік жалдасын.
Тармақ 9
9. «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) М.Б. Баймұқанов шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жіберу бойынша облыстық жинау пунктілеріне жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалудың бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мұстафинға жүктелсін,
Тармақ 11
11. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген кезден бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі. Келісілді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Б.А.Мұстафина Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Б.З.Ыбыраев «Аққайың ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б. Баймұқанов
Басқа 12. Шақыруды өткізу бойынша аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аққайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 03 сәуірдегі № 72 қаулысына қосымша Шақыруды өткізу бойынша аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Баймұқанов Мереке Бүркенұлы – аудандық қорғаныс icтep жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Жұманов Едіге Тоғыбайұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары Жұмажанов Ертай Теміржанұлы – аудындық ішкі істер бөлімі бастығының тәрбие және кадр жұмысы бойынша орынбасары (келісім бойынша) Құнанбаева Қайныл Шәкімқызы – Аққайың аудандық емхананың терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Байбатырова Айнаш Нұрланқызы - аудандық емхананың медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Шақыруды өткізу бойынша аудандық шақыру комиссиясының резерв құрамы Лапшов Яков Владимирович – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, төраға (келісім бойынша) Норбаев Сұлтан Шаймұханұлы - балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жұмағулов Серік Жақыпұлы – қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары Куприянова Римма Ивановна - аудандық емхананың терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Илишева Күлжан Нұрғалиқызы - аудандық емхананың медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)