Мүгедектерге 2008 жылдың жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектерге 2008 жылдың жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Аманкелді аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерге аудан бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде 48 (қырық сегіз) жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімі мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмыс орындарына квотаға сәйкес жолдамамен орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.