Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне, октябре - декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыру туралы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдеден № 74-ІІІ, «Әскери кызметінің белгіленген мерзімін атқарған жедел әскери қызметінің әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарының жедел әскери қызметке кезеуті шақырылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Заңына, сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір - мамыр және казан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерге жедел әскери қызметтке жіберілуін сонымен қатар оқу мекемелерінен шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қазметке шақыру бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметті атқармаған азаматтарды кезекті әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды және әскери қызметке шакырылғандардың медициналық тексерістерін куәләндіру үшін әсқери оқу мекемесіне түсетіндердің берілген құрамын әскери қызметке шақырылғандардың комиссия құрамымен бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық емханасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери оқыту орындарына түсетін әскерге шақырушылардың және азаматтардың медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман-дәрігерлерден және орта медициналық персонал құрамынан медициналық комиссия құрылсын;
Тармақша 2
2) медициналық комиссия өткізу үшін аудандық емхананың орны дайындалсын;
Тармақша 3
3) медициналық комиссия керекті дәрі -дәрмек пен құрал-сайманмен қамтамасыз етілсін;
Тармақ 4
4. Орталық аудандық аурухананың (келісім бойынша) қажет болған жағдайда әскерге шақырушылардың қосымша медициналық зерттеуін қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті санды керует-орны бөлінсін.
Тармақ 5
5. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыруды өткізу үшін аудандық қорғаныс бойынша біріккен бөліміне бөлінген ассигнованиялар шегінде уақытында ақша қаражатының бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері М.Ш.Байғұлов 2008 жылы 3 сәуір Шал ақын ауданның қаржы бөлімінің бастығы Л.М.Мұхамеджанова 2008 жылы 3 сәуір Шал ақын ауданның қорғаныс істері бойынша Біріккен бөлімінің бастығы С.И.Чепухин 2008 жылы 3 сәуір Шал ақын ауданының аудандық емханасының бас дәрігері А.Н.Шоқыбаев 2008 жылы 3 сәуір
Басқа 11. Шақыру комисссясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2008 жылы 3 сәуір № 56 қаулысына бекітілсін Шақыру комисссясының құрамы Чепухин Сергей Иванович - әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Шал ақын ауданның Қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінің бастығы Кузичева Елена Петровна - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Исенғұжин Әлібек Сәлімұлы - Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Шоқыбаева Ақмаржан Нышанқызы - медициналық комиссияның төрағасы, Шал ақын ауданының аудандық емханасының бас дәрігері Шекенова Балдырған Шәпешқызы - комиссия хатшысы