О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудан аумағындағы әскер жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19-23 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ережесі туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шығару туралы» Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегізден бастап жиырма жеті жас аралығындағы ұлдар әскерден кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылған азаматтар, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған, оқу орындарынан шақырылған және де әскерге шақырылу бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өтемеген азаматтар 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметті ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Ауданда әскерге шақыруды жүргізу үшін құрамы қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы Булаев қаласында Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пункітінде жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Орталық аудан емханасының бас дәрігері Г.Т.Сағындықоваға (келісім бойынша) әскери оқу орындарына түсетін әскерге шақырылғандар мен кандидаттарды медициналық куәландыру үшін:
мамандығы бойынша тәжірибелі маман-дәрігерлер және орта медициналық персоналдың қажетті санын бөлсін;
әскерге шақыру комиссиясын қажетті медициналық құралдармен және жабдықтармен қаматамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері В.В. Уваровқа (келісім бойынша) аудандық ауруханада әскерге шақырылғандарды стационарлық тексеру үшін орын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі шақыру науқанын жүргізу кезіне алыс елді мекендерде тұратын азаматтарды медициналық және әскерге шақыру комиссиясын өтуге жеткізу үшін ПАЗ 672 автобусын бөлуді;
қызмет көрсететін персонал және техникалық жұмысшылардың қажетті санымен қаматамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ж.К. Шәріповке ұсынылсын:
әскерге шақыру кестесін әзірлеу және бекітуге ұсынсын;
әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру кезінде қабылданған шешімдердің заңдылығы Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес болуын қаматамасыз етсін;
әскерге шақыру аяқталған соң аудан әкімдігіне әскерге шақырудың қорытындысы туралы ақпарат берсін.
Тармақ 8
8. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы М.И.Омарова бөлінген қаражат шегінде шақыру науқанын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Әскерге шақыру пункітіне іссапарға жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің, сондай ақ қызмет көрсету персоналының жұмыс орны, лауазымы және еңбекакысы сақталады.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Қалиевке жүктелсін
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ж.Мұқатанов
04.04.2008 ж.
Орталық аудан емханасының
бас дәрігері
Г.Сағандықова
04.04.2008 ж.
Орталық аудан аурухананың
бас дәрігері
В.Уваров
04.04.2008 ж.
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімнің бастығы
Ж.Шәріпов
04.04.2008 ж.
Басқа 12. Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы «4» сәуірдегі
№ 144
Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Шәріпов Жайлау Қабылқараұлы - аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрагасы
Бражник Галина Николаевна - аудан әкім аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Шонанаев Тоқтар Қапанайұлы - аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары
Учайкина Галина Васильевна - орталық аудан ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, медкомиссия төрағасы
Утеуленова Зәуреш Қапарқызы - орталық аудан ауруханасының аға медбикесі, комиссия хатшысы
Құрманғожина Гүлжанат Зиятайқызы - әскерге шақыру және келісім шарт бойынша әскер қызметшілерін жинау бөлімінің бастығының аға көмекшісі, комиссия төрағасы
Герасимова Ираида Ивановна - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Белокурова Татьяна Петровна - орталық аудан аураханасының дәрігер-терапевті
Мырзақанов Амангелді Шаяхметұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Кудрявцева Валентина Николаевна - орталық аудан ауруханасының физиокабинетінің медбикесі, комиссия хатшысы.