Об организации и обеспечение призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым, қазан желтоқсан айларындағы мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сай құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Есіл қаласы, Красногорский кенті, селолық округ, село әкімдері әскерге шақырылушыларды олардың «Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылулары туралы құлақтандырып, уақытында келуін қамтамасыз етсін,«Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне азаматтардың әскери қызметке шақырылуын өткізуге көмектессін.
Тармақ 3
3. «Есіл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Қайсарбеков О.Қ. (келісімі бойынша), «Есіл аудандық емханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ковгар Н.И. (келісімі бойынша) әскерге шақырылушылардың сапалы медициналық куәландырылуы үшін медициналық комиссия маман-дәрігерлермен толықтырылып, кабинеттермен, медикаменттермен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілсін, әскерге шақырылушылардың кезектен тыс тексерілуі және стационарлық ем алуы үшін қажетті орындар саны бөлінсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер департаменті «Есіл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Каримов С.В. (келісімі бойынша) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер орталық департаменті «Көліктегі ішкі істер желілік бөлімшесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Жұмабаев М.Қ. (келісімі бойынша) «Есіл ауданы қорғаныс істері жөнідегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тығыз байланыс жасай отырып әскери шақыру комиссиясы жүргізілуі кезінде сол пункттерде және әскерге шығарып салу станцияларында тәртіп сақталуын, әскери міндетін атқарудан жалтарған адамдарды іздестіруді қамтамасыз ету нұсқалсын. Облыстық медициналық бақылау комиссиясынан өтуге алып баруға және бару сапарында тәртіп сақталуы үшін бір қызметкер іссапарға жіберілсін.
Тармақ 5
5. «Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Меңбаев Ж.Х. (келісімі бойынша), әскери шақыру қортындысын 2008 жылдың 10 шілдесі, 2009 жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей берсін.
Тармақ 6
6. Есіл аудандық әкімдігінің
Тармақша 1
1) 2007 жылдың 6 маусымындағы № а-6/139 «1989-1980 жылғы туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларындағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Есіл аудандық Әділет басқармасында 2007 жылғы 13 маусымда №1-11-68 тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2007 жылғы 16 маусымдағы №3940 нөмірінде жарияланған;
Тармақша 2
2) «Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 6 маусымындағы № а-6/139 «1989-1980 жылғы туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларындағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерсітер енгізу туралы» 2007 жылғы 08 қазандағы №а-10/215 Есіл аудандық Әділет басқармасында 2007 жылғы 15 қарашада № 1-11-74 тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2007 жылғы 03 желтоқсандағы №277 нөмірінде жарияланған қаулыларының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Ә.О. жүктелсін
Тармақ 8
8. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған бірінші күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: Жұмабаев Марат Қарабұзауұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер орталық департаменті «Көліктегі ішкі істер желілік бөлімшесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «08» сәуірде 2008 жыл Каримов Санат Вокзалұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер департаменті «Есіл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «08» сәуірде 2008 жыл Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы «Есіл аудандық орталық ауруханана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері «08» сәуір 2008 жыл Ковгар Надежда Ивановна «Есіл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері «08» сәуір 2008 жыл Меңбаев Жанбота Хамитұлы «Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «08» сәуір 2008 жыл
Басқа 11. Аудандық әскери шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі №а-4/102 қаулысына қосымша Аудандық әскери шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Меңбаев Жанбота Хамитұлы «Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, әскери комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша) Байғалым Бейбіткүл Байғалымқызы «Есіл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімінің бас маманы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Мұсұров Дүйсенбай Тоқұшұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер департаменті «Есіл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша) Қойшыбаева Жібек Қабдешқызы «Есіл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт-дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісімі бойынша) Бегайдарова Динара Еркенбайқызы «Есіл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)