2008 жылы Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының, 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірінің 2005 жылдың 15 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы» № 160 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына азамат жастар арасынан түсуші үміткерлерді сапалы және ұйымдасқан түрде алдын-ала кәсіптік іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШТІ:
2008 жылы Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеу туралы от 14.03.2008 г. № 3 (2008 жылы Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеу туралы)
1. 2008 жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына жастар арасынан үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеуді өткізу «Ақмола облысы Ерейментау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді іріктеу және тексеру бойынша қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді іріктеу және тексеру комиссиясының төрағасына ұсынылсын:
1) әскери-кәсіптік бағыт беру және әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуді өткізу жоспары әзірленіп аудан әкіміне бекітілуге ұсынылсын.
2) әскери-оқу орындарына іріктелген үміткерлердің денешынықтыру дайындығын тексеру.
4. Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаменті жанындағы «Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік қазыналы-кәсіпорнына (М.К.Сүлейменова) ұсынылсын:
1) әскери-оқу орындарына түсуге іріктелген үміткерлерді медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия жұмысын ұйымдастыру;
2) қажетті дәрігер мамандар бөлу, медициналық комиссияның жұмысына қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ лабораториялық зерттеулер өткізу;
5. «Ерейментау аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (Г.Б.Сәрсенбаева):
1) үміткерлердің іріктеу комиссиясынан өту күніне дейін қажетті құжаттардың тапсырылуын ұйымдастырсын;
2) қабылдау емтиханына енетін пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізілуді ұйымдастырсын.
6. «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (В.М.Снежко) аудан әкіміне үміткерлерді әскери-оқу орындарына іріктеп алу кезеңінде жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы мәлімет беру ұсынылсын.
7. Ерейментау ауданы әкімінің 2007 жылдың 26 ақпанындағы № 1 «Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеу туралы», Ерейментау ауданы әділет Басқармасында 2007 жылдың 19 наурызда № 1-9-79 тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінің 2007 жылдың 7 сәуірінде № 38-39 жарияланған шешімін күші жойылады деп танылсын.
8. Осы шешім Ақмола облысының Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Нақты шешімінің орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсенбаеваға жүктелсін.
Ерейментау аудандық әкімінің
2008 жыл «14» наурыз № 3
шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуді және зерделеу комиссиясы мүшелерінің тізімі
Виктор Михайлович Снежко
- Ерейментау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Камила Дюсенбайқызы Ахмедьярова
- «Ерейментау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы
Әсет Әлиұлы Омаров
- Ерейментау аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
Марал Қабдешқызы Сүлейменова
- Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаменті жанындағы «Ерейментау аудандық емханасы» МҚКМ бас дәрігері (келісім бойынша)
Гүлбарам Баярстанқызы Сәрсембаева
- «Ерейментау аудандық білім беру бөлімі» ММ бастығы