2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы, 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың кезекті әскерге 2008 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2008 жылдың 1 сәуіріндегі № 563 Жарлығына, Қазақстан Республикасының қорғаныс істер Министрлігінің «Мерзімді әскери қызметкерлерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2008 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2008 жылдың 1 сәуіріндегі № 128 бұйрығына сәйкес, Қорғалжын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы от 07.04.2008 г. № 38 (2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы)
1. Аудандық «қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» (Әшімов Т.О. келісім бойынша) мемлекеттік мекемесі
1) 2008 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Ақмола облысы, Қорғалжын аудан аумағында он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру ұйымдастырсын.
2) Әскери шақырылу пункті келесі мекен-жайда белгіленсін:
Қорғалжын ауылы, Қ.Күмісбеков көшесі 30-шы үй аудандық «қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
2. Аудандық емхана мемлекеттік қазыналық-коммуналдық кәсіпорыны (Үсенов А.О.келісім бойынша)
1) Әскерге шақырылу кезінде керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер, және автокөлікпен қамтамасыз етілсін.
2) Әскери қызметке шақыру кезінде аудандық медициналық комиссиясына жоғары білікті мамандар мен орташа медициналық құрамды іріктеп алып, әскерге шақырылушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті орын бөлінсін.
3. 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру үшін аудандық комиссия құрылсын. (қосымша № 1)
4. Аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі (Әбішев А.Қ. келісім бойынша)
Әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кету кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
5. Ауылдық әкімдер:
Әскерге шақырылушыларды берілген кесте бойынша, аудандық комиссияға дер кезінде келуін қамтамасыз етсін. (қосымша № 2).
6. Қорғалжын ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі (Ахатова Б.А.) Қорғалжын аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскерге шақырылушыларды тасымалдау үшін автокөлікпен (автобус) қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары, С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
8. Қаулы Қорғалжын Әділет басқармасында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық Ішкі істер
бөлімінің бастығы А.Әбішев
Аудандық Қорғаныс істер
жөніндегі бөлім бастығы Т.Әшімов
Аудандық емхананың
бас дәрігері А.Үсенов
Қорғалжын ауданы әкімдігінің
«07» 04 2008 ж №38
Қаулысына 1 қосымша
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
Әшімов Талғат Оралбекұлы Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Кәрімова Қалима Мұсылманбекқызы Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлім бастығы, шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары.
Құсайнов Әмірхан Ықласұлы Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша).
Мұқатаева Биғайша Аудандық емхананың медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы (келісім бойынша).
Найманбаев Егінбай Казенұлы Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Қорғалжын ауданының
әкімінің «» 2008 ж №
қаулысына 2 қосымша
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ.
№п\п
Ауыл округтері
Өткізетін күндері
Адам саны
1
Амангелді
10.04.2008жыл
9
2
Арықты
11,04.2008жыл
14
3
Қарашылғын
12.04.2008жыл
13
4
Майшұқыр
10.04.2008жыл
4
5
Кенбидайық
11.04.2008жыл
5
6
Қызылсай
10.04.2008жыл
9
7
Сабынды
12.06.2008жыл
21
8
Қорғалжын
13.04.2008жыл
50
№п\п
Ауыл округтері
Өткізетін күндері
Амангелді
02.10.2008жыл
10
Арықты
03.10.2008жыл
16
Қарашылғын
04.10.2008жыл
20
Майшұқыр
02.10.2008жыл
6
Кенбидайық
03.10.2008жыл
6
Қызылсай
02.10.2008жыл
10
Сабынды
04.10.2008жыл
30
Қорғалжын
05.10.2008жыл
50