Қолданыстағы ред. 11.04.2008

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасы ету туралы от 11.04.2008 г. № 88 (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасы ету туралы)

0

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасы ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 200 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3631) қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ак оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2

2. Әскерге шақыру учаскелері мен жинақтау пункттерінде жұмыс істеу үшін жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші құрамдағы адамдардың, әскерге шақырылушыларды хабарландыру мен іздестіру тобы мүшелерінің, осы азаматтарды жіберген ұйымдарында жұмыс орны, орналасқан лауазымы және орташа жалақысы сақталады.

3

3. Боровской селосы, селолық округтер әкімдері:

1

1) шақыру комиссиясының отырысын әскерге шақырылушыларды хабардар ету және 100% келулерін қамтамасыз етсін;

2

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.

4

4. «Меңдіқара аудандык орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеніне:

1

1) әскерге шақырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз етуге және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық қызметкерлер құрамы мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберуге;

2

2) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындарының резервісі болуына ұсыныс жасалсын.

5

5. «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша), «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.

6

6. «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру тобын құруға және олардың жұмысын ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.

7

7. «Меңдіқара аудандық ішкі ісіер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды әскерге шақыруды жүргізу мен жөнелту кезінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.

8

8. «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының «Меммлекеттік сатып алу туралы» Заңын сақтап, ауылдық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асыруға ұсыныс жасалсын.

9

9. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 90 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-60, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2007 жылғы 3 мамырда № 19 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

11

11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.