Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2008 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндет және әскери қызмет туралы"
Заңы
19-бабының
3-тармағына
, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 сәуiрдегi "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және азаматтарды 2008 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы"
№ 563
Жарлығына
, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы"
№ 623
қаулысына сәйкес, Павлодар облысында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткiзу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облысының азаматтарын 2008 жылдың сәуiр - маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткiзу қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық жасау мен бақылауды үйлестiру үшiн қосымшаға сәйкес құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаментi азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етуге байланысты iс-шараларды қаржыландыруды 2008 жылға арналған облыстық бюджетте белгiленген шығыстарға сәйкес қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 4
4. Облыс денсаулық сақтау департаментi азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалар мен бөлiмдердiң өтiнiмдерiне сәйкес дәрiгерлiк комиссиялардың құрамында тиiстi санаттағы және әскери-дәрiгерлiк сараптамада тәжiрибесi бар дәрiгер қызметкерлердiң қажеттi санын бөлсiн.
Тармақ 5
5. Облыс iшкi iстер департаментi (келiсiм бойынша):
iшкi iстер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырылмай айыпталған азаматтардың тiзiмдерiн шақыру комиссияларына дер кезiнде беретiн болсын;
әскерге шақырылған азаматтарды әскерге аттандыратын кезеңде облыстық жиналу пунктi мен темiржол сапаржайында полиция жасақтарының кезекшiлiгiн ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандар әкiмдерi:
қалалар мен аудандар қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалары мен бөлiмдерi бастықтарының төрағалық етуiмен қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
қалалар мен аудандардың бюджеттерiне сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу iс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
шақырылғандарды медициналық куәландыру және шақыру комиссияларының жұмыс iстеуi үшiн қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалар мен бөлiмдер бастықтарына жабдықталған орындар берсiн, өтiнiмдерге сәйкес көлiкпен, сондай-ақ тиiстi санаттардағы дәрiгерлiк және техникалық қызметкерлерi қажеттi санының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн болсын;
мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жеңiлдiктер мен жәрдемақылар берудi қамтамасыз етсiн;
азаматтарды әскерге шақыру және аттандыру кезiнде әскерге шақыру пункттерiнде жұмыс iстеуге қатыстырылатын шақыру комиссиялары мүшелерiнiң, дәрiгерлiк құрам мен техникалық қызметкерлер жұмыс орындарының, атқаратын қызметтерi мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсiн;
запасқа шығарылған әскери қызметшiлердi еңбекке орналастыруға көмектесетiн болсын.
Тармақ 7
7. Облыс қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы (келісім бойынша) облыс бюджетінен Павлодар қаласының тұрғындары қатарынан ұйымдастыру пункттеріне уақытша 14 адамды әскери дайындық және шақыру мерзімінде техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.
Келiсiлдi:
Облыс iшкi iстер
департаментiнiң бастығы
Қ. Тоқсейітов
Облыс қорғаныс iстерi жөнiндегi
департаментiнiң бастығы
А. Алдажаров
Басқа 10. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 2 сәуір
"Азаматтарды 2008 жылдың сәуiр -
маусым және қазан - желтоқсан
айларында кезектi мерзiмдi әскери
қызметке шақыру туралы"
№ 71/4 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Алдажаров
Асайын Қинашұлы
- облыс қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң бастығы, төраға (келiсiм бойынша)
Иманғалиев
Тiлеуберген Темiржанұлы
- облыс жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментi директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)
Казанцева
Вера Васильевна
- облыстық аурухананың медициналық бибiсi, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Гостищев
Александр Федорович
- облыс қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшiлердi контракт және шақыру бойынша жинау басқармасы шақыру бөлімінің бастығы (келiсiм бойынша)
Каримов
Олег Наильевич
- облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша)
Маутин
Сержан Тiлектесұлы
- облыс қаржы департаментiнiң мемлекеттiк, қорғаныс, қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк органдарының қаржыландыру жоспарларын жүргiзу және рұқсатнамалар беру бөлiмiнiң бастығы
Сүлейменов
Мұрат Құснұлұлы
- облыс денсаулық сақтау департаментi директорының орынбасары
Төлебеков
Бахадир Жамалбекұлы
- облыс қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi бастығының орынбасары - әскери қызметшiлердi контракт және шақыру бойынша жинау басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
Тоқсанбаев
Ысқақ Ботаұлы
- облыс ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)