О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Темиртау на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Теміртау қаласының күндізгі білім беру ұйымдарының оқушыларын қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксилерден басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 1994 жылғы 21 қырүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңдарына сәйкес, 8-3-46 нөмірмен тіркелген Teмipтay қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының № 6/4 «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шeшiмiнiң негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ETTI:
Тармақ 1
1. 2008 жылы келесі санаттағы оқушыларға бip рет жол жүрулеріне 25 теңгеден артық емес тарифті ескере отырып қалалық автобус маршруттарында (таксилерден басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру белгіленсін:
Тармақша 1
1) жалпы білім беру мектептерінің бipiншi сыныптан ceгiзiншi сыныпқа дейінгі сыныптарының, сонымен қатар гимназиялардың, лицейлердің осы сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері тиicтi оқу орны берген бірдей үлгідегі оқушылардың арнайы жол билеттерін көрсеткенде ақысыз жол жүру құқығына ие болады;
Тармақша 2
2) жалпы білім беру мектептерінің тоғызыншы сыныптан он бipiншi сыныпқа дейінгі сыныптарының сонымен қатар гимназиялардың, лицейлердің осы сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері Теміртау қаласының қоғамдык, көлігінде жол жүргенде білім беру уйымы берген анықтаманы көрсеткенде, қолданыстағы тариф құнының 50 %, яғни бip рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
Тармақша 3
3) Теміртау қаласының кәсiптiк мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындарының күндіз оқитын студенттері Теміртау қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүруі кезінде тиicтi оқу орны берген студенттік билеттерін немесе оқушылық билеттерін көрсеткенде қолданыстағы тариф құнының 50 %, яғни бip рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді.
Тармақ 2
2. Жол жүру жеңілдігі жазғы каникулды, 1 маусымнан 31 тамызға дейінгі уақытты есептемегенде жыл бойына беріледі. Жеңілдікпен жол жүр құқығы Теміртау қаласының маусымдық (саяжайлық) маршруттарында үнемі қызмет көрсететін автобустарында қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен оқушыларына, сондай-ақ оқудың күндізгі түpiнe жатпайтын оқу орындарының оқушыларына қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, өндіріс және қызмет көрсету салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін. 5.Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.