Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттер және әскери кызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңың, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери кызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын орындауда, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін азаматтарды кезекті мерзімдік әскери қызметке шақырылуы 2008 жылғы сәуір-маусым мен қазан-желтоқсан айларында өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыруды жүргізгенде әскерге шақырушыларды сапалы дәрігерлік куәландыру мақсатында «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық әскерге шақыру пунктерін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті медициналық-санитарлық мүлікпен, құрал-жабдықтармен және медициналық құралдармен жинақталу бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды медициналық куәландыру үшін қажетті дәрігерлер мен орта медициналық персоналдарын жіберсін;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда әскерге шақырушылардың стационарлық емделуін өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында 10 керуерт-орын бөлінуі қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Федоров селосы және селолық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өтуге аудандық комиссиясының отырысына және әскерге жіберу үшін уақытында жеткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметін өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы мен Қостанай облысы Федоров ауданының ішкі істер бөлімінің бастығымен бірлесе әскерге шақырушыларды уақытында құлақтандыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін құлақтандыру және іздестіру тобын құрсын.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген адамдардың жеткізуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, аудандық және облыстық медициналық комиссиясына шақырушылардың тіркеу уақытында және шақырушылардың әскери бөлімдеріне кету уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің аймағында қоғамдық тәртібінің күзетін қамтамасыз етсін.
Тармақша 4
4) аудан әкімімен бекітілген, шақыру комиссиясы жұмыстарының кестесіне сәйкес, шақыру пунктінде тәртіпті қолдауы үшін учаске инспекторлары жіберілсін.
Тармақ 6
6. Әскерге шақыру учаскесіне жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің, медициналық қызметкерлердің және кызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 7
7. «Федоров ауданының қаржы бөлімінің бастығы әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2008 жылға арналған ауданның бюджетінде қарастырылған қаражат есебінің шегінде іске асырсын.
Тармақ 8
8. Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы әкімдік қаулысының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Федоров ауданының әкіміне 2008 жылғы шілдесінде және 2009 жылдың 1 қаңтарында берілсін.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылғы сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Федоров ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 99 қаулысының күші жойылды деп есептелсін. (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-20-25 тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы № 18 «Федоровские новости» газетінде жарияланған).
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.