О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі Заңының 19 -бабы 3-тармағына, 20-бабы 1-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, сонымен қатар оқу орындарынан шығарылған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызметін өтеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің ішкі әскеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық Комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыруды жүргізу ушін аудандық шақырту комиссиясы және 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақырту комиссиясының резервтегі кұрамы құрылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Солтүстік – Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық емханасы» коммуналдық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша):
шақырылушыларды және әскери оқу мекемелеріне түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлер және қажетті көлемде орта медициналық персоналдар бөлінсін;
шақырылушыларды стационарлық тексеру үшін аудандық ауруханада орын бөлу қарастырылсын;
шақырту комиссиясы қажетті медициналық жабдықтармен кұралдармен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Ауданның қаржы бөлімінің бастығына қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыртуды жүргізуге бөлінген қаржы шегінде уақытында қаражат бөлуді қамтамасыз етсін;
Тармақ 5
5. Селолық округтердің әкімдеріне шақырылушылардың шақыру комиссиясына келуіне және облыстық жинау пунктіне шақырту қағаздарында көрсетілген уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына (келісім бойынша):
шақыруды өткізу кестесі әзірленсін және бекітуге ұсынылсын;
шақырудың аяқталғанын және оның қорытындысы жөніндегі ақпарат аудан әкіміне ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шақырту комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сонымен қатар қызмет көрсететін персоналдардың жұмыс орны, қызметі және еңбек ақысы сақталады.
Тармақ 8
8. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (келісім бойынша) шақырушыларды шақыру пунктіне және облыстық жинау пунктіне жеткізу үшін №2 қосымшаға сәйкес автобус жүргізушісі қатыстырылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. «2007 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды әскери қызметке мерзімді шақыруды өткізу туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі №103 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 30 сәуір 13-7-51, «Ауыл арайы-Сельская новь» 2007 жылғы 4 мамыр № 20) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Қаулы бірінші,. ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
Жамбыл аудандық емханасы» Коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері
А.Высоцкий
Жамбыл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің бастығы
М.Аскаров
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
А.Құтұшев
Басқа 12. Аудандық шақырту комиссиясының құрамы:
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
3 сәуіріндегі № 144 қаулысына
1 Қосымша
Аудандық шақырту комиссиясының құрамы:
Асқаров Мұрат Мәнәпұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Асайынов Рұслан Бижанұлы - бас маман- аудан әкімі орынбасарының көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары, жергілікті атқарушы органның уәкілетті өкілі
Жамбылов Нұрлан Қайроллаұлы - Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тэрбиелеу жэне кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары;
Житенко Людмила Васильевна - бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы;
Нұртазина Гүлнәр Баймолдақызы - аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салты бойынша медбибісі, комиссия хатшысы.
Аудандық шақырту комиссиясының резервтегі құрамы
бос орын - Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскери қызметке келісім-шарт және шақырту бойынша жинау бөлімшесінің бастығы;
Омаров Ақжайық Төлегенұлы - аудан әкімінің құқық мәселелері жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары, жергілікті атқарушы органның уәкілетті өкілі.
Темірбеков Қайрат Сабырұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет бойынша орынбасары;
Черкай Галина Никифоровна - аудандық орталық аурухананың терапевті, медициналық комиссияның төрайымы;
Орлова Елена Анатольевна - Жамбыл аудандық емхананың медбибісі, комиссия хатшысы.
Басқа 13. Жамбыл ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша азаматтарды мерзімді әсікери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшін бөлімге тартылған автобус жүргізушінің ТІЗІМІ
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
3 сәуіріндегі № 144 қаулысына
2 Қосымша
Жамбыл ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша азаматтарды мерзімді әсікери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшін бөлімге тартылған автобус жүргізушінің ТІЗІМІ
№
Атауы
Адамның саны
Кәсіпорынның атауы
1
Автобус жүргізуші
1
Еңбек рыногі