Құжат мәтініне өту

Балқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қаулы · № 10 · қабылданған 24.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.01.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38969/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Балқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 10 ·24.01.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Балқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

ҚАЗБалқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 10 · қабылданған 24.01.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Балқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Балқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
24.01.2008
Көрсетілген редакция
24.01.2008 · қолданыстағы 38969_347830.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
24.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DF000040
ЭКБ идентификаторы
38969
Редакция идентификаторы
38969_347830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:10

0 Балқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына сәйкес Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Балқаш ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі (қосымша сәйкес бекітілсін).

2 2. Қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тiзбeci бекітілсін

3 3. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Е.Айдарбековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы баспасөзден алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсінш

5 Аудандық әкімдігің 2008 жылғы 24 қаңтардағы «Балқаш ауданында 2008 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және көздері мен қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» № 10 Қаулысына қосымша

Балқаш ауданынында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың көздері
Осы тәртіп ережелері Қазақстан Республикасындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» қолданыстағы заңдарға сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1.1

1.1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызыметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.

1.2 1.2. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарта жіберу олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік атаулы көмек әдеттегідей жұмыссздардың ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуы аркылы төленеді.

1.3

1.3. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы бip күн тізбелік жылда 6-айға дейін мөлшерінде белгіленеді. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздармен отбасында бірде-бір адам жұмыста жок, аз қамтылтан отбасылары үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің шешімдері бойынша қоғамдық жұмыстардың мерзімі 6ip жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Жұмыстың білікті түрлерін орындауды қарастырған әлеуметтік бағыттағы арнаулы шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар 12 айға дейін қатысуы мүмкін.

1.4 1.4. Қоғамдық жұмыстар төмендегі түрлер бойынша ұйымдастырылады:

-жол салу және жөндеу, су құбырларымен газ құбырларын және басқа да коммуникацияларды жүргізу, сонымен қатар осы жұмыстарға қажетті материалдарды дайындау құрылысқа қажетті тастар, қиыршық тас, плиталар, құм және т.б./;
-ауылшаруашылығы жұмыстарымен ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау кезінде маусымдық көмек көрсету;
-мекемелердегі қосалқы сипаттағы жұмыстар, жүк тиеу-түcipy және де басқа уақытша жұмыстар;
-ақпарат орталықтарындағы сайлау науқандары кезеңіндегі жұмыстар;
-тұрмыс деңгей төмен отбасыларын тексеру, халыққа Ж.Ә.К алуға және келісім шарттар жасауға, тылда жұмыс істегендердің тізімін жасау, 18-жасқа дейінгі балаларды есепке алу;
-қалалардың, елд-мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағын тазарту;
-тұрғын үйлер құрлысына және тұрғын үй қорын қайта жаңартуға, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени ошақтарының жөндеуіне қатысу;
-тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешендерді және қорықтық аймақтарды қалпына келтіру;
-санаториялық-курорттық аймақтарға кызмет көрсетуге маусымдық көмек көрсету;
-аймақтарды экологиялық сауықтыру аумақтарды көгалдандыру,көріктендіру, орман мен бақтарды, демалыс және саяхат орталықтарын сақтау мен дамыту/;
-тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету;
-жолаушылар көлігіне қызмет көрсетуде және пошта, байланыс қызметін көрсететін мекемелерге көмек көрсету;
-әлеуметтік қызмет көрсету (балалардың спорт алаңдары құрлыстарына, демалыс кезеңінде сауықтыру лагерлерінде балалардың демалысына қызмет көрсету, жалғыз басты, қарттармен мүгедектерге, әлсіз қорғалған топтар әйелдер, жас өспірімдер, ауруларға қызмет көрсетуге көмектесу);
-мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивалдар, басқа да әр түрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу;
-аймақтық қоғамдық науқандары өткізуге қатысу (көпшіліктің ой-пікірлерін сұрастыру, әскерге шақыру науқанына қатысу, халық және мал санағын және т.б. жұмыстарды жүргізу);
-Мұрағаттағы құжаттарды және кітапханадағы кітаптарды ретке келтіру және т.б жұмыстар;
-суландыру жұмыстарын жүргізу, су жүргізетін құбырларды және құдықтарды жасау және тазалау;
-еңбек рыногында азаматтардың ұтқырлығын көтеруге олардың жұмыспен қамтылуын жақсартуға ықпал ететін ақпарат орталықтарының, жұмыс іздестіру клубтарының, басқа да құрлымдардың қызметі;
-әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Жұмыстар тізбeci жергілікті атқарушы органдардың шешімімен толықтырылуы мүмкін.

1.5 1.5. Атқарылатын жұмыстар аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық пайдалы болуға, толықтырушының талаптарына қоғамдық мүдделерге және аймактық инфра құрлымға үлес қосуға жауап бepyi тиіс.

Ұйымдардың штаттық қызметкерлерін ығыстыруға және алмастыруға, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда қоғамдық жұмыстар есебінен штаттан тыс қызметкерлер ұстауға жол берілмейді.

1.6 1.6. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу, келісім-шарттың орындалуын бақылау, қоғамдық жұмыстарға қатысушыларды есепке алу, статистикалық есеп беруді жүргізуді, жұмыспен қамту жөніндегі мәселелерді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шарттары

2.1 2.1. Ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады, ол республикалық, жергілікті бюджеттердің және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың тапсырыстары бойынша қаржыландырады.

2.2 2.2. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті жерлерде ұйымдастыру, олардың түрлері мен оны көлемдері жөніндегі шешімді аймақтық халықты жұмыспен қамту бағдарлдамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, онда:

-қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар анықталады;
-қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі бекітіліп, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары белгіленеді.

2.3 2.3. Қабылданған шешімге сәйкес жұмыспен қамтылу мәселесі бойынша аудандық уәкілетті орган мен ауылдық атқарушы органдары арасында қоғамдық жұмыстарды орындауға келісім шарт жасалады.

Бұл келісім-шарттар аудан әкімдігі бекіткен халықты үстіміздегі жылы жұмыспен қамту жөніндегі Бағдарламамен қоса қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың қаржы аудару құжаттарының тізбесіне енгізіледі.

2.4

2.4. Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес аудандық (қалалық) бөлімдер жұмыс берушілермен сол мекемеде жоспарланған қоғамдық жұмыстардың төлеміне келісім-шарт жасайды. Кейбір кездерде сол аймақта әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға келісім шарттарды ауылдық (кенттік) округтер әкімдерімен шарт жасай алады, онда оларға жұмыс берушілер сияқты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың барлық міндеттері жүктеледі.

2.5

2.5. Қоғамдық жұмыстарға жіберу үшін жұмыссыздармен жұмыс берушілер және аудандық (қалалық) бөлімдер арасында еңбек туралы Заңға сәйке еңбек міндеттерінің орындалу, жұмысты бастау мерзімдері, демалу, жұмыс уакыты (сағаты), еңбекті қорғау мен төлеу мөлшері, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетілген еңбек шарты жасалады.

2.6

2.6. Қоғамдық жұмыстарды атқарушы ұйымдар еңбек шартының негізінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық шығарады. Жұмыс бepyшi жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы жұмыс кимімен қамтамасыз етіп, тапсырманы анықтап, атқарылған жұмыс көлемін есептеп, жұмыс уақытын есептеу табель жүргізіп, тиісті құжаттарды аудандық (қалалық) бөлімдерге береді.

2.7 2.7. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда, жұмыскер босату туралы арыз берген күннен бастап, қоғамдық жұмыс атқару жөніндегі келісім- шарт бұзылады. Ұйым басшылығы бұл жөнінде уәкілетті органдарға себебін көрсетін, үш күн ішінде хабарлауға міндетті.

3 3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбеқақы төлеу тәртібі.

3.1

3.1. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбеқакы төлеу жеке еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, атқарылатын қызметтің күрделілігіне байланысты болады. Еңбекке ақы төлеу нақты атқарылған жұмыс көлемінде Қазакстан Республикасында белгіленген ең төмен еңбеқақы мөлшерінде жүзеге асырылады.

3.2 3.2. Коммуналдық меншіктегі, бюджеттік, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдарда атқарылатын қоғамдық жұмыстар үшін еңбеқақы аудан бюджеттен жұмыссыздардың жеке есеп шотына аудару арқылы төленеді.

3.3

3.3. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдарда қоғамдық жұмыстар үшін еңбеқақы жұмыс берушілер есебінен төленеді. Қоғамдық жұмыстар қоғамдық және әлеуметтік бағытта болса, оның үстіне жұмыс беруші есебінен оқыту енгізілген жағдайда, қоғамдық жұмыс аякталғаннан кейін еңбекке орналастыру қарастырылса, қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға аудан бюджеттен және төлем тек қана бюджеттік қаржы есебінен төленеді.
Мақсатты топтағы халықты еңбекке баулу, масылдық пиғылды жою мақсатында, аудандық бюджеттен 6 айға дейін әлеуметтік жұмыс орнына жіберлендерге ең төмен еңбеқакы төленеді, егер жұмыс беруші оған білім бepiп және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етсе.
Уәкілетті органдардың жолдамасымен білім беру ұйымдарында оқығандарға, әлеуметтік жұмыс орны бюджеттен 3 айға дейін ақы төлейді.
Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыс шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнын құрушы ұйымдардың тізімі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келісіп, тиісті аудандардың, қалалардың әкімдерімен бекітіледі.
Жұмыс берушіден бірнеше ұсыныс жағдайда, ұсыныстар қонкурс арқылы қабылданады.

3.4 3.4. Қосымша қаржыландырылған жағдайда зейнетақы қорына қаржы салынған төлеу жұмыс берушінің қосынды еңбеқақы сомасының мөлшерінен жүзеге асырылады.

3.5 3.5. Аудандық (қалалық) бөлімдер жергілікті бюджеттен еңбеқақыны есептеу жұмыс берушілердің 6ip айда орындаған жұмыс aктлepi мен жұмыс уақыты табельдері негізінде жүргізеді.

3.6 3.6. Аудандық қаржы бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аймақтар бойынша тапсырған жиынтық мәлімет бойынша қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландырады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысқан үшін еңбеқакы ай сайын Қазақстан Республикасы Халық Банкісінің бөлімдері арқылы жұмыссыздардың жеке
есеп шоттарына аударылып отырады.

3.7 3.7. Ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша жұмыс іздестіруге және жұмыспен қамтылу мәселесі бойынша уәкілетті органдарға баруға аптасына төлемелi уақытқа 2 сағаттан артық қосылмайды.

3.8 3.8. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру турал заңнамалық aктілері қолданылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген еңбеқақыға заңда белгіленген тәртіппен салық салынады.

3.9 3.9. Ауырып қалған жағдайда жұмыссыздарға келісім-шарттың мepзімі еңбекке уақытша жарамсыз болған мезгілге дейін ұзартылады.

1 1. Қоғамдық жұмыстар атқаратын ұйымдардың тізбесі

1 1. Ақкөл селолық округінің әкімі

2 2. Қарой селолық округінің әкімі

3 3. Көктал селолық округінің әкімі

4 4. Жиделі селолық округінің әкімі

5 5. Құйған селолық округінің әкімі

6 6. Топар селолық округінің әкімі

7 7. Балатопар селолық округінің әкімі

8 8. Ақжар селолық округінің әкімі

9 9. Ақдала селолық округінің әкімі

10 10. Бақанас селолық округінің әкімі

11 11. Бақ-Бақты селолық округінің әкімі

12 12. Бірлік селолық округінің әкімі

13 13. Миялы селолық округінің әкімі

14 14. Желтораңғы селолық округінің әкімі

15 15. Береке селолық округінің әкімі

16 16. Ayдандық кітапхана

17 17. Балқаш аудандық қорғаныс icтep жөніндегі бөлім

18 18. Аудандық мұрағат

19 19. Аудандық байланыс бөлімшесі

20 20. Аудандық Әділет басқармасы

21 21. Балқаш аудандық төлеу орталығы

22 22. Аудандық жылжымайтын мүлікті тipкey мекемесі

23 23. Аудандық iшкi icтep бөлімі

24 24. Аудандық Орталық аурухана

25 25. Аудандық білім бөлімі

26 26. ЖШС «Балқаш жолдары»

27 27. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі

28 28. Аумақтық ауыл шаруашылық басқармасы

29 29. Аудандық статистиқа бөлімі

30 30. Аудандық Отан партиясы

31 31. Алматы облыстық аумактық қоршаған ортаны қорғау басқармасы

32 32. Аудандық жер бөлімі

1 1. Қоғамдық жұмыстар атқарылатын ұйымдар тізімі аудан әкімдігінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін