Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери кызметшілерді запаска шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 18 жастан жиырма жеті жасқа дейінгі мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруга құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды, сонымен қатар жиырма жетіге жасы толмаған оқу орындарынан шығарылған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметті белгіленген мерзімде өтемеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру комиссиясының құрамы және шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) кезекті шақыруды өткізу үшін аудандық медициналық комиссияны дәрігер мамандармен толықтырсын;
Тармақша 2
2) шақырылуға тиісті шақырылушылардың сапалы қабылдауын, анализдерінің қорытындыларын өңдеуін және беруін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) шақырылушылардың тексеруін және емдеуін өткізу үшін 10 төсек орын бөлсін, тексеру және емдеу актілерін Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 3 күндік мерзімде тапсырсын;
Тармақша 4
4) шақыру пунктін қажетті мүлік, дәрі-дәрмек, құрал-саймандармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды жеткізуге жәрдем етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясының жұмыс істеу кезеңіне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жөнелту күндерінде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес полиция нарядын бөлсін.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтердің және Сарыкөл кентінің әкімдері әскерге шақырылушыларды комиссияға келу және жиналу пунктіне жіберу үшін уақытында және толық хабарландыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Ауданның кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер бастықтарына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жөнелтуге шақыру қағазын алған шақырылушылармен уақытында есеп айырсын;
Тармақша 2
2) қажетті анықтамалар мен мінездемелер беруіне кедергі жасамасын;
Тармақша 3
3) мүмкіндігінше шақырылушылардың салтанатты шығарып салуын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетінде ескерілген мөлшерде «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша белгіленген мерзімде шақырудың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.М. Вандышевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 19. Шақыру комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 145 қаулысымен бекітілген Шақыру комиссиясының құрамы Вячеслав Владимирович Слободюк - «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Анатолий Михайлович Вандышев - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Ербол Қасымжанұлы Сауытбаев - «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Евгений Николаевич Ткаченко - дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы Асел Байсұлтанқызы Дандыбаева - шақыру комиссияның хатшысы
Басқа 20