О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды алдын алу, ауданның экономикасы мен инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Су тасқынына қарсы іс - шараларды жүзеге асыруына бақылау жасау жөніндегі комиссия құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Ауданда су тасқынына қарсы іс - шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары және ауылдық округтердің әкімдері су тасқыны өту кезеңіне авариялық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілесін, оларды қажетті тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етуі ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Р. Жалғасовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Су тасқынына қарсы іс - шараларды жүзеге асыруына бақылау жасау жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Сарыкөл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 31 наурыздағы
№ 128 қаулысына
қосымша
Су тасқынына қарсы іс - шараларды жүзеге асыруына бақылау жасау жөніндегі комиссияның құрамы
Асылхан Рақымбайұлы Жалғасов - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Серік Ғабдоллаұлы Ғайсенов - «Сарыкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары
Марат Бергенұлы Байгентов - «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас
маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Марс Өтешұлы Әбілқасымов - «Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Юрий Кузмич Вербицкий - «Дорожно-строительные рабочие Сарыколя» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
Анатолий Анатольевич Елисеев - Сарыкөл аудандық электржелісінің директоры
Ермек Ердаулетұлы Ыбраев - Сарыкөл ауданының № 19 Өрт сөндіру бөлімі Қостанай облысы
бойынша «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының
қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Владимир Васильевич Колодко - «Сарыкөл ауданы бойынша санитарлық - эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жұмағали Көкенұлы Құсаинов - «Сарыкөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері
Сайлау Зәйкенұлы Құшұғұлов - «Казахавтодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай
облфилиалының Сарыкөл жол пайдалану пункті - 52 бастығы
Виктор Васильевич Лавринец - «Милан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
Борис Владимирович Рядинский - Урицкий орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесінің директоры
Юрий Григорьевич Стариков - «Қостанай жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
жол пайдалану учаскесі - 61 бастығы
Владимир Павлович Харапуд - Сарыкөл аудандық телекоммуникация торабының директоры
Леонид Николаевич Шевченко - Сарыкөл кентінің әкімі
Басқа 8