Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 23-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар әскери оқу орындарын шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. «Таран орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге шақыру жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Кент, село, селолық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) кент, село, селолық округтердің әкімдері аппараттарының әскери - есепке алу столы мамандарының еріп жүруімен шақырудан өту үшін азаматтардың комиссияға келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистерді шақырумен, әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. «Таран аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қолданылып жүрген заңнама шегінде, мерзімді әскери қызметтен жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесінің аумағында тәртіпті, Қостанай қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылғандарды жеткізуге бөлінген машина саптарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция жасағын бөлсін.
Тармақ 5
5. «Таран ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды бюджетте көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Мына қаулылардың күші жойылған деп есептелсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Таран ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 128 қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-49, 2007 жылғы 4 мамырдағы № 18 «Шамшырақ»);
Тармақша 2
2) Таран ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 283 «Таран ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 128 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-51, 2007 жылғы 4 қазандағы № 41 «Шамшырақ»).
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.