Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстардың тәртібі мен қаржыландыру талаптары туралы нұсқау бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы қаулыны басшылыққа алу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Көмек» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорына (келісім бойынша) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттар жасау кезінде берілген қаулысымен басшылық ету.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне «Қарабалық ауданының тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылық көлігі және автомобильдік жолдары» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қарабалық ауданының білім бөлімі» (келісім бойынша), «Қарабалық ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тізімде айқындалған кәсіпорынмен көрсетілетін қызмет пен жұмысты төлеуде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескеру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 64 «Қарабалық ауданында ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы», 2007 жылғы 27 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-38, 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 5 «Айна» аудандық газетінде жарияланған қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен талаптары туралы Ережелері
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 88 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен талаптары туралы Ережелері Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен талаптар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдарымен есеп айырысу жүйесін және негізгі тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, аудан, қала, облыс әкімі басқаратын, әкімдік;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету бойынша шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және аудан бюджеттің қаражатынан мәслихаттың шешіміне сәйкес қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жергілікті (аудан бюджет қаражаты есебінен) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалану мақсатында аудандық жергілікті атқарушы органдар төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбесін; коғамдық жұмыстың түрлерін, көлемін және орындалу талабын бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды аудандық жергілікті атқарушы органның қаулысымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жіберу Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құкығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысына кеткен Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген ең төменгі еңбекақы көлеміндегі шығыны аудандык бюджет қаражатынан мәслихаттың шешіміне сәйкес өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады. Жұмыс берушілердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдерді төлеуге кеткен, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен бекітілген көлеміндегі шығыны аудандық бюджет қаражатынан мәслихаттың шешіміне сәйкес өтеледі. Жұмыс берушілердің екінші деңгейдегі банктердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларға тиісті еңбек ақыны және басқа да ақшалай төлемдерді салымшының алғашқы талап салымы бойынша дербес шотына немесе банктің төлем карточкасының есепшотына есепке алу, төлеу қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге кеткен, келісім-шартпен белгіленген көлеміндегі шығыны аудандық бюджет қаражатынан мәслихаттың шешіміне сәйкес өтеледі. Бюджеттік қаражаттар жұмыс берушілердің есеп шоттарына есептелсін.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысатың жұмыссыздарға аудандық бюджет қаражатынан төленетін еңбек ақы заңнамалар белгілеген тәртіппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшаны мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын аудандық бюджеттен қайтару үшін Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ай сайын орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген закымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік) жәрдемақы төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Басқа 33