Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18-бабы 1-тармағына, 3-тармағына, 19-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгілінген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыру күніне дейін он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай - ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған, оқу орнындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа келмеген және шақыру бойынша әскери қызметке белгіленген мерзімін өтемеген азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2008 жылдың сәуір -маусымында және қазан - желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер әкімдеріне аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруына барынша ықпал жасауды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды шақыру жүргізілетіні туралы уақытында хабарландыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) әскери қызметке жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қажетті дәрігер - мамандар, орта медицина қызметкерлерін қажетті мөлшерде бөлсін. Оларды қажетті медициналық құрал - саймандармен қамтамасыз етсін
Тармақша 2
2) әскерге шақырылуға жататын барлық азаматтар флюрографиялық тексеруден өтсін, қанның жалпы талдау, зәрді жалпы талдау, мерезге серологиялық зерттеу, жүректің-электрокордиограммасы.
Тармақ 4
4. «Әулиекөл аудынының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мелекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласындағы жиналу пунктіне және кейін қайтуға көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру кезеңіне келсім - шарт негізінде әскерге шақырушылардың жеке істерін ресімдеу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен екі техникалық қызметкер алуға рұқсат етілсін.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жедел әскери қызметке шақырудан қашқандарды іздеу мен ұстауды атқарсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясынан өту кезеңінде шақыру пунктында әскерге шақырылынғандар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын сағат 9.00 ден 18.00 дейін бір полиция қызметкерін бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласының жаналу пунктіне аттандырғанда әскерге шақырылғандардың командаларының автобустарын ілесіп шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. «Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды «Әулиекөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіні қаржылындарудың жоспарында көзделген бос қаражат есебінен қаржылындыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 69 «2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскери бөлімшелері мен әскери құрылымдарына кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (тіркеу № 9-7-56, аудандық «Әулиекөл» газетінде 2007 жылғы 17 мамырда № 19 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Қуанышбаев Болатхан Ахметұлына жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі.