Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан Республики Казахстан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы азаматтарына кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8) тармақшасы 1 тармағы 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымда және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматтарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы Жітіқара ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:
Тармақша 1
1) облыстық шақыру пунктіне шақырушыларды әкелуді қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) әскери қызметтен өту үшін жіберілген шақырушыларды салтанатты шығарып салу шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Селолық округтердің, селолардың әкімдері әскери шақырылғандардың Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудандық шақыру және медициналық комиссиясына уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін және жеке бақылауына алсын.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды жүргізу және командыға жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызмәтке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді, ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылғандар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция тәулік бойғы нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде, оларды шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін және автокөлік бөлсін.
Тармақ 6
6. «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы әскерге шақыруға байланысты іс-шараларды қаржыландыруды «Әскери қызметке шақыру және тіркеу шаралары» бағдарламасы бойынша 2008 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылғандай қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Шақыруды өткізудің кестесі бекітілсіи (ұсынылған).
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 256 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-70, 2007 жылғы 4 мамырда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, өзгерістермен және толықтыру енгізілген: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 256 қаулыға толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі № 450 әкімдік қаулысымен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі 9-10-73, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Житикаринские новости» газетінің 31 санында жарияланған, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 256 қаулыға өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 656 әкімдік қаулысымен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі 9-10-79, 2007 жылы 12 қазанда «Житикаринские новости» газетінің 42 санында жарияланған) әкімдік қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы каулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енеді.
Басқа 16. Шақыруды өткізу кестесі
2008 жылғы 7 сәуірдегі № 286 Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Шақыруды өткізу кестесі № р/с Елді мекендердің аттары Шақырылғандар саны Шақыру комиссиясының жүргізілу күні 1. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 17 сәуір 2. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 18 сәуір 3. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 21 сәуір 4. Пригородный селосы 20 2008 жылғы 22 сәуір 5. Забелов селосы 28 2008 жылғы 22 сәуір 6. Аққарға селосы 13 2008 жылғы 23 сәуір 7. Степной селосы 7 2008 жылғы 23 сәуір 8. Тоқтаров селолық округі 11 2008 жылғы 23 сәуір 9. Приречный селосы 12 2008 жылғы 23 сәуір 10. Волгоград селосы 9 2008 жылғы 24 сәуір 11. Мүктікол селолық округі 6 2008 жылғы 24 сәуір 12 Большевик селолық округі 5 2008 жылғы 24 сәуір 13. Жітіқара селолық округі 5 2008 жылғы 24 сэуір 14. Тимирязев селосы 4 2008 жылғы 24 сәуір 15. Жалтыркөл селосы 5 2008 жылғы 24 сәуір 16, Шевченковка селосы 5 2008 жылғы 25 сәуір 17. Милютин селолық округі 10 2008 жылғы 25 сәуір 18 Чайковский селольщ округі 12 2008 жылғы 25 сәуір 19. Ырсай селосы 7 2008 жылғы 25 сәуір 20. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 28 сәуір 21. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 29 сәуір 22. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 30 сәуір 23. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 2 мамыр 24, Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 5 мамыр 25. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 6 мамыр 26. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 7 мамыр 27. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 6 қазан 28. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 7 қазан 29. Тоқтаров селолық округі 16 2008 жылғы 8 қазан 30. Волгоград селосы 12 2008 жылғы 9 қазан 31. Мүктікөл селолық округі 7 2008 жылғы 9 қазан 32. Тимирязев селосы 12 2008 жылғы 9 қазан 33. Степной селосы 12 2008 жылғы 10 қазан 34. Жітіқара селолық округі 5 2008 жылғы 10 қазан 35. Жалтыркөл селосы 5 2008 жылғы 10 қазан 36. Шевченковка селосы 7 2008 жылғы 10 қазан 37. Милютин селосы 16 2008 жылғы 13 қазан 38. Чайковский селолық округі 18 2008 жылғы 13 қазан 39. Аққарға селосы 15 2008 жылғы 13 қазан 40. ЬІрсай селосы 10 2008 жылғы 14 қазан 41. Забелов селосы 24 2008 жылғы 14 қазан 42. Пригородный селосы 25 2008 жылғы 14 қазан 43. Большевик селолық округі 28 2008 жылғы 15 қазан 44. Приречный селосы 18 2008 жылғы 15 қазан 45. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 16 қазан 46. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 17 қазан 47. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 20 қазан 48. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 21 қазан 49. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 22 қазан 50. Жітіқара қаласы 50 2008 жылғы 23 қазан