Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19, 23-баптарына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-мауысымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын орындауда, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған оқу орындарына шығарылған азаматтар және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуы 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жүргізілуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндгі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру науқанын жүргізу үшін шақыру кезеңіне әскери есепке алу жөнінде мамандарды тарту ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Лисаков қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), «Лисаков қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және «ТЭС Медикал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру комиссиямен жіберілген әскерге шақырушыларды тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеріс жүргізу үшін кереуеттің қажетті санын бөлу;
Тармақша 3
3) «Лисаков қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырудан кеінге қалдыру алған және емдеуден өткен шақырушыларға берілген кесілген талондарды «Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне беру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Октябрь поселкесінің әкімі, Красногор селосының әкімі шақырушыларды шақыру комиссиясын өту үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысы Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды қаланың автовокзалынан облыстық жинақтау пунктіне жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін қызметкерлердің қажетті санын бөлу;
Тармақша 2
2) «Қостаанй облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша» бірлесе отырып, шақырушылардың хабарландыру және іздестіру тобын құру;
Тармақша 3
3) алыс-беріс жазылатын шақыру қағазын алғаннан кейін, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді шақыру пунктіне жеткізу жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Лисаков қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Лисаков қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Лисаков қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырушыларды салтанатты шығарып салуды ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Лисаков қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру комиссиясын жүргізу үшін 2008 жылға арналған қалалық бюджетте осы мақсатқа көзделген самалар бойынша ақшалай қаражаттар бөлсін.
Тармақ 8
8. «Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 2008 жылғы 25 маусымға дейінгі және 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты қала әкіміне беру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Осы қауылының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.П. Сенчевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.