Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Казақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 07 сәуірдегі "Қазақстан құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" № 200 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімде 2008 жылғы 10 сәуірде № 3631 болып тіркелген) қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аманкелді ауданының шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылған азаматтардың аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларға дер кезінде келулері, оларды хабарландыру және ұйымдасқан түрде комиссиядан өтуі, шақырудан бой тасалауды болдырмау шаралары қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияны жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құрал-жабдықтармен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен толық жабдықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын, Аманкелді аудандық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандар бөлсін;
Тармақша 2
2) "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырушыларды алдын-ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссия құрамындағы дәрігер-мамандардың еңбек ақысын аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмыс ұйымдастырылсын;
Тармақша 3
3) "Аманкелді ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып қызмет көрсететін персоналдың, медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті саны қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес әскерге шақырылушыларды тасымалдау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды әскери-спорт жиындары, соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлерімен кездесулер өткізу сияқты көпшілік шаралармен қамту жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. "Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырушылар арасыңда қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерін шығарып салуға бөліп отыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. "Аманкелді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
"Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніңдегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінін шақыру учаскесінің бөлмелерінің санитарлық нормаларға сәйкес болуын қадағалау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. "Аманкелді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
ауданның көркемөнерпаздары мен творчестволық ұжымдар мүшелерінің күшімен әскер қатарына шақырылған азаматтарды әскери қызметке салтанатты шығарып салу шаралары ұйымдастырылсын.
Тармақ 9
9. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекетгік мекемесі (келісім бойынша):
әскерге шақыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жоспарындағы қаражат және 2008 жылдың жергілікті бюджетінде қаралған шығыс қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 10
10. Орындалған жұмыс туралы ақпарат аудан әкімінің ақпаратына 2008 жылғы 27 маусымында және 25 желтоқсанына дейін берілсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 20. Аманкелді аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 92 қаулысымен бекітілген
қосымша
Аманкелді аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Тлегенов Арман Сапабекұлы - "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша);
Медет Рақымжан Елеусізұлы - Аманкелді ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау
және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, төрағаның
орынбасары;
Давлетов Есім Садықұлы - "Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары, мүшесі (келісім бойынша);
Қойшығұлов Қанат Молдашұлы - Дәрігер-фтизиатр, медициналық комиссияның төрағасы, мүшесі
(келісім бойынша);
Ержанова Гуля Төлегенқызы - Медбике, мүшесі (келісім бойынша).