Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” заңдарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 Жарлығына сәйкес, шақыру жылында жасы он сегізге толған, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтен қалдыру үшін берілген мұрсат мерзімі өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын жыл сайынғы әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы капитан Р.Н. Шәкерхановқа (келісімі бойынша) 2008 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мұрсат мерзімге құқығы жоқ немесе шақырудан босатылмаған, он сегіз жастан бастап жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ оқу орнынан шығып қалған, жасы жиырма жетіге толмаған және белгіленген мерзімді әскери қызметін өтемеген ер азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Мына мекен-жайда шақыру пункті ұйымдастырылсын: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 3 үй.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін, 1- қосымшаға сәйкес, аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық аурухананың бас дәрігері Ғ.Қ.Садуақасовқа (келісімі бойынша) және аудандық емхананың бас дәрігері О.Г.Букарьға (келісімі бойынша) әскери қызметке шақыру кезінде азаматтарға медициналық куәландыру жүргізу үшін дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтердің әкімдері, ұйым басшылары мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын барлық азаматтарға шақыру қағаздарын табыс етсін, іссапарлардан (демалыстан) шақыртсын, оларға хабарлауды және шақыру учаскесіне дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.А.Изимовқа (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Бұланды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде шақыру пунктінде және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына атқару кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге байланысты бірлескен іс-шараларды үйымдастыру;
Тармақша 2
2) әскери қызметтен жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) әскери қызметтен жалтарған адамдарды шақыру пунктіне жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 30 шілдеде №1-7-50 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы» газетінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі №37 санында жарияланған «2007 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №а-7/147 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Бұланды ауданының Әділет басқармасында тіркелген соң күшіне енеді және аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің Р.Н.Шәкерханов
03.04.08 ж.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы С.А.Изимов
03.04.08 ж.
Аудандық аурухананың
бас дәрігері Ғ.Қ.Садуақасов
03.04.08 ж.
Бұланды аудандық
емханасының бас дәрігері
О.Г.Букарь
03.04.08 ж.
Басқа 13. Комиссия мүшелері:
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 03.04.
№ а-4/56 қаулысына
1-қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Шәкерханов Руслан Нүсіпханұлы - Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Салий Владимир Иванович - аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Апсаметов Еркеш Қосманұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісімі бойынша)
Садуақасов Тайбасар Төлегенұлы - аудандық аурухана хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша)
Қанаева Таңсық Ғалымжанқызы - аудандық емхананың медициналық статисі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Басқа 14
Бұланды ауданы әкімдігінің
2008 ж. 03. 04. № а -4/56
қаулысына 2-қосымша
Шақыруды өткізу кестесі сәуір-маусым
Рет.
№
А/округтің атауы
Барлығы
9.4
10.4
11.4
14.4
15.4
16.4
17.4
18.4
21.4
22.4
23.4
25.4
30.54
6.6
13.6
20.6
1
Журавлевка а/о
28
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап -
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
2
Капитоновка а/о
16
3
Новобратск а/о
15
4
Карамышевка а/о
34
5
Никольск а/о
38
6
Даниловка а/о
30
7
Вознесенка а/о
36
8
Ерголка а/о
22
9
Айнакөл а/о
9
10
Қараөзек а/о
24
11
Амангелді а/о
13
12
Макинск қаласы
260
Барлығы
525
50
50
50
50
50
45
14
50
38
30
34
34
Қазан-желтоқсан
№ р/с
А/округтердің атауы
Барлығы
1.10
2.10
3.10
6.10
7.10
8.10
9.10
10.10
13.10
14.10
15.10
16.10
17.10
20.10
1
Журавлевка а/о
500
2
Капитоновка а/о
60
3
Новобратск а/о
70
4
Карамышевка а/о
40
5
Никольск а/о
70
6
Даниловка а/о
70
7
Вознесенка а/о
40
8
Ерголка а/о
45
9
Айнакөл а/о
70
10
Қараөзек а/о
60
11
Амангелді а/о
20
12
Макинск қаласы
35
Барлығы
1080
50
50
50
50
50
50
50
50
50
50
50
50
50
50
22.10
23.10
24.10
27.10
28.10
29.10
30.10
31.10
7.11
14.10
21.10
28.11
5.12
12.12
19.12
26.12
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
Тексеруден бастап
40
45
50
50
50
35
40
20