О проведении призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» № 623 қаулысын орындауға орай, 1990 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқығы жоқ 27 жасқа дейінгі азаматтардың әскерге шақырылуын ұйымдастыру және сапалы өткізу, 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда әскерге шақырылғандарды әскери бөлімлерге баруын жоспарлы және ұйымдастырылған түрде жіберу мақсатында. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 бапиарын басшылыққа алып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы, Жеңіс көшесі 26 мекен-жайы бойынша Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 20 бабының 1 тармағына сәйкес қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы құрылсын: Комиссия төрағасы Қайрат Балташұлы Әбішев – Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісімі бойынша). Комиссия төрағасының орынбасары: Арайлым Өміржанқызы Баймағамбетова – Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Комиссия мүшелері: Ерболат Тыныбекұлы Балабеков – Саран қаласының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша). Галина Владимировна Белашова – «Саран қаласының орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының емханалық жұмыс жөніндегі меңгерушісі. Владимир Герасимович Чен - «Саран қаласының орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының отоларинголог – дәрігері, медициналық персонал жұмысына басшылық етуші, медициналық комиссия төрағасы. Хатшы Наталья Петровна Малюкова - «Саран қаласының орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі. Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің орнына мына құрамнан резерв қарастырылсын: Комиссия төрағасы: Абай Кәріғұлұлы Құнанбаев – Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары. Комиссия төрағасының орынбасары: Дина Қабдышқызы Жайлыбекова – «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Комиссия мүшелері: Қайыржан Мәкімұлы Бөпебаев – «Саран қаласының орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының хирург – дәрігері, медициналық персонал жұмысына басшылық етуші, резервтегі медициналық төрағасы. Інібек Молдабайұлы Қалиев – Саран қаласының ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары (келісім бойынша). Хатшы: «Саран қаласының орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі.
Тармақша 1
1) қалалық әскерге шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 21,23,27,28 баптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесі» талаптарын өз жұмысында қатаң түрде басшылыққа алсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін: 2008 жылдың көктемінде сәуірден маусымға дейін және күзде қазаннан желтоқсанға дейін;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасы комиссия отырысын толық емес құрамда жүргізуге жол бермесін және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабы, 4 тармағына сәйкес комиссия мүшелері медициналық, техникалық қызметкерлерінің әскери шақыру міндеттерін орындаған уақытта олардың жұмыс орны, лауазымы және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 3
3. Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ү.Ә.Қанафинге міндеттелсін (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) белгіленген мерзімде әскерге шақыруды жүргізсін және әскерге шақырылғандардың шақыру учаскесіне келуін бақылаумен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қалалық ішкі істер бөліміне әскерге шақырылғандар шақыру комиссиясына себепсіз келмеу жағдайлары жөнінде, оларға іздеу салу үшін хабарласын;
Тармақша 3
3) әскери міндеттіліктен қасақана бас тартқандарды, сонымен қатар әскери қызметке азаматтардың келуіне кедергі жасағандарды, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартсын;
Тармақша 4
4) 2008 жылы сәуір - маусым және қазан – желтоқсанда айларында әскери шақыру компаниясын өткізу кезеңінде қалалық бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының белгіленген тәртібі бойынша әскерге шақырылғандарды көлікпен тасымалдау жөніндегі қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алулар өткізсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақырту компаниясын өткізу және өткізіліп жатқан медициналық куәландыру кезеңде әскерге шақырылғандар арасында арам және жұқпалы аурулардың пайда болуын және олардың таратылмау болдырмау мақсатында, барлық дәрігерлік кабинеттерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) Саран қаласының әкіміне 1990 жылы туған азаматтарды және 27 жастан үлкендерді мерзімді әскери қызметке 2007 жылы сәуір – маусым және қазан – желтоқсанда өткізілген шақырудың қорытындылары туралы ақпаратты 2008 жылы 1 шілдеге және 31 желтоқсанға дейін тапсырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаментінің директоры М.З.Шайдаровқа (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) қаланың әскерге шақыру комиссиясы иелігіне әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды медициналық куәландыру үшін келесі мамандықтар бойынша жұмыс өтілі бар қажетті маман-дәрігерлер саны: хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, окулист, отоларинголог, стоматолог, орта медициналық персоналдар бөлсін. Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген дәрігер-мамандар орнына резерв қарастырылсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша әскерге шақыртылғандарды қалалық емделу стационарлық мекемелерінде қосымша тексеру үшін қажет ауруханалық резерв төсек-орындары болсын;
Тармақша 3
3) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебіне және жоспарына сәйкес саран қаласы және Ақтас кентінің емделу мекемелері арқылы барлық әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды флюорогрфия, элетрокардиограмма, анализдерінің тапсырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтардың тіркелімі өткеннен кейін және саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы медициналық куәландыру кезінде денсаулық жағдайына әскери қызметке уақытша жарамсыз болып танылған әскерге шақырылатындардың тізімін ұсынғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекітсін және олардың емделуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақтас кентінің әкімі, нысана түріне қарамастан, қаланың білім беру ұйымдарының және басқа ұйымдар мен мекемелерінің басшыларына:
Тармақша 1
1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының талабы бойынша іссапарларға, демалыстарға кеткен әскерге шақыртылған азаматтар Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде комиссиядан өту үшін қайта шақыртылсын, олардың құлақтандырылуын ұйымдастырсын және әскерге шақыру комиссиясына азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыртылған азаматтар әскерге шақыртылу, стационарлық медициналық тексерілу, сондай-ақ амбулаторлық зерттеулер кезінде жұмыстан босатылсын;
Тармақша 3
3) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту қағазы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтармен толықтай есеп айырыссын.
Тармақ 6
6. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К.О.Тұңғышбаева Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырмасы бойынша әскерге шақыру кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін 5 қоғамдық жұмыскер бөлсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабы, 3, 4 тармақтарына, 44 бабы 2 тармағына сәйкес Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Б.Рахымбергеновке (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына әскерге шақыртылған азаматтарға қатысты тергеу және алдын ала анықтау жүргізілуі жөнінде жеті күн мерзім ішінде хабар берсін;
Тармақша 2
2) жалпыға бірдей әскери борышын өтеуден бас тартқан азаматтардың іздестірілуін, ұсталуын және жеткізілуін жүргізсін;
Тармақша 3
3) әскери бөлімдерге шақыртылған азаматтарды әскерге жіберу кезеңінде шақырту пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Саран қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Б.Малшыбекова Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырылған құжаттары бойынша 2008 жылға арналған қаржыландыруын жиынтық жоспарына сәйкес әскерге шақыру кампанисының уақтылы қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мекемесінің бастығы Л.А. Мартельге мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтарға көркемөнерпаздық және шығармашылық ұжымдардың салтанатты шығарып салу күндерін ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының қабылдануына байланысты, Саран қаласының әділет басқармасында тіркелген (№ 8-7-43) және 2007 жылғы 19 мамырда қалалық «Ваша газета» газетінің 20 нөмірде жарияланған саран қаласы әкімдігінің осындай 2007 жылдың 19 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» № 245 қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н.Кимге жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. «КЕЛІСІЛГЕН» Қарағанды облысы Денсаулық сақтау Департаментінің директоры Шайджаров М.З. 14.04.2008 жыл Саран қаласының қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Қанафин Ү.Ә. 14.04.2008 жыл Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы Рахымбергенов Е.Б. 15.04.2008 жыл