Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің қоса берілген Тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттің мекемесінің бастығына:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған қызметтерді көрсету жөніндегі шарт жасассын;
Тармақша 2
2) мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу, оларды өткізуге арналған 2008 жылғы аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджет қаражаттарынан қоғамдық жұмысқа қатысушыларын ең төменгі өтем ақы төлемдері көлемінде 150 % еңбек ақысын, сонымен қатар 2008 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшін, жұмыс берушілердің есеп шоттарына қаржылық қаражаттарды аударсын;
Тармақша 4
4) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерінде әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударуларды төлеуге арналған шығындарын, талап етуге дейінгі немесе банкінің ақшалай төлем карточка есеп шоттарына еңбекақыны аудару мен төлеу және шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметі үшін комиссиондық сыйақыны төлеуге арналған шығындарын лайықты бюджеттен шарт бойынша белгіленген мөлшерде өтесін.
Тармақ 4
4. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған аудандық бюджеттің қаражаттарын дұрыс шығындауға бақылау жасауды кезекті тексерістер арқылы жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Қосымшаға сәйкес Тізбеде анықталған ұйымдар басшыларына мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тек қана жұмыссыздарға арналған уақытша жұмыс орындары берілсін;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы нақтылы істелген жұмыс үшін жеке еңбек шартының негізінде салымдар бойынша талап етуге дейінгі есеп шоттарына немесе екінші деңгейлі банктердің ақшалай төлем карточкаларының шоттарына еңбек ақыны және де басқа ақшалай төлемдерді аудару арқылы төлесін;
Тармақша 3
3) жұмысқа алу туралы бұйрықтан көшірмесін, жұмыс уақытын есепке алу тізімдігін, еңбек ақыны есептеу тізімдемесін, орындалған жұмыстардың кесімін "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ай сайын ұсынсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 7
7. "2007 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 26 ақпандағы 9-19-41, "Нұрлы жол" 2007 жылғы 22 наурыздағы № 12) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 30 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.