2008 жылдың сәуір - маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1- тармағының 8) тармақшасы, “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 - бабы 3-тармағы, 20-бабы 1-тармағы және “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылгы 1 сәуірдегі №563 Жарлығының 3-тармағы талаптарын орындау мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылдың сәуір - маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы от 04.04.2008 г. № 438 (2008 жылдың сәуір - маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы)
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі іс- шаралар “Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1- қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және оларды салтанатты жағдайда шығарып салу жөнінде шаралар қабылдасын.
5. “Жалағаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын бөлу;
2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен қамтамасыз ету;
3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.
6. “Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырудан өтуі мен әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдык тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Жалағаш кент әкімі мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың үжаттарын сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдык жұмысқа тартылғандардан еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.
8. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдері, “Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), “Жалағаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) қаулыны орындауда атқарылған жұмыстар жайлы ақпаратты 2008 жылдың 5 шілдесіне аудан әкімдігіне ұсынылсын.
9. “2007 жылғы кұзгі мерзімді әскери кызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі №224 қаулысының (нормативтік құқықтык кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2007 жылғы 26 қыркүйекте №10-6-73 болып тіркелген, 2007 жылғы 6 қазанда №80-81 (6595) “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
“ КЕЛІСІЛДІ ”
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы “4” сәуірдегі
№438 қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Сүлеменов Масұт Мейірманұлы - “Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Алиева Рауаш - Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрғасының орынбасары;
Оңдабаев Бауыржан Барлыбаевич - “Жалағаш аудандық ішкі - істер бөлімі” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Каметов Ханзулла Садуақасұлы - “Жалағаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Алматова Хапиза Рафиковна - “Жалағаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесінің аяжаны, комиссия хатшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша).
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы “4” сәуірдегі
№438 қаулысымен бекітілген
2 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
К Е С Т Е С I
03.04.2008 ж
"Жалағаш аудандық емхана"
мемлекеттік мекемесінің
бас дәрігері
Х.КАМЕТОВ
03.04.2008 ж
"Жалағаш аудандық қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
М.СҮЛЕЙМЕНОВ
03.04.2008 ж
"Жалағаш аудандық ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
А.МАНШАРИПОВ