Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті рет шақыртуды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Мерзімнен тыс әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы 2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақырту кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер жынысты азаматтарды кезекті рет шақыртуды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақырту комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Әскери қызметке азаматтарды шақыртуды өткізудің кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Зеренді аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С.Е.Таңатаровқа (келісім бойынша), «Зеренді аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Б.Б.Жанғаловқа (келісім бойынша) шақыртуды өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде медициналық куәландыру өткізу үшін қажетті дәрігер-мамандар, орта медициналық персонал, құрал-жабдықтар бөлу жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 5
5. Селолық округ және кент әкімдері азаматтарды арнайы шақырту қағазына сәйкес Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне жеткізуді ұйымдастырсын және жасөспірімдердің келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Ж.Жұмановқа (келісім бойынша) шақырту учаскесін шақырту өткізуге дайындау бойынша іс-шаралар қолдану жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 7
7. Қаржы бөлімінің бастығы С.Б.Айтуғанов бекітілген бюджеттің шегінде, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өтініміндегі шығыс сметасына сәйкес, шақырту жөніндегі іс-шараларды белгіленген мерзімде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Р.Шәріповке (келісім бойынша) шақыртуды өткізу кезінде шақырту учаскесіне полиция жасақтарын қамтамасыз ету және мерзімнен тыс әскери қызметке шақырылудан жасырын жүргендерді іздестіруге атсалысу жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 9
9. Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 11 мамырда №1-14-61 тіркелген («Бірлік-Единство» газетінде 2007 жылғы 25 мамырда жарияланған) Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 169 «Әскерге шақырудан кейін қалуға немесе босатылуға құқықтары жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды кезекті рет 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімнен тыс әскери қызметке шақыртуды өткізу туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы 2008 жылдың 3 сәуірінен пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап әрекетке енгізіледі.
Басқа 13. Аудандық шақырту комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қосымша 1 аудан әкімдігінің 2008 жылғы «14» 04 № 116 «2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті рет шақыртуды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына Аудандық шақырту комиссиясының ҚҰРАМЫ Серік Жанапияұлы Жұманов - Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы; Әлия Аманжолқызы Таласбаева - Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Валентина Викторовна Куликова - аудандық орталық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы. Комиссия мүшелері: Болат Қажмұхамматұлы Дүйсенов - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары; Ғиззат Куанышбайқызы Сүлейменова - «Зеренді аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы.
Басқа 14. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыртуды өткізудің кестесі
Қосымша 2 БЕКІТІЛДІ аудан әкімдігінің 2008 жылғы «14» 04 № 116 «2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті рет шақыртуды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысымен Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыртуды өткізудің кестесі № Селолық округ және кенттердің атауы Комиссия жұмысы күндері, уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін сәуір мамыр маусым қазан қараша желтоқсан 1 Зеренді 3 6 11 1 4 8 2 Викторовка 4 7 12 2 5 9 3 Исаковка 7 12 13 3 6 10 4 Пухальск 8 13 16 6 7 11 5 Қызылегис 9 14 17 7 10 12 6 Қанай-би атындағы 10 15 18 8 11 15 7 Приречен 11 16 19 9 12 17 8 Садовый 14 19 20 10 13 18 9 Троицк 15 20 23 13 14 19 10 Чаглинка 16 21 24 14 17 22 11 Байтерек 17 22 25 15 18 23 12 Бұлақ 18 23 26 16 19 24 13 Сарыөзек 21 26 27 17 20 25 14 Алексеевка 22 27 30 20 21 26 15 Ақкөл 23 28 21 24 29 16 Ортақ 24 29 22 25 30 17 Самарбай 25 30 23 26 18 Күсеп 28 2 24 27 19 Қазоты 29 3 27 28 20 Қызылсая 30 4 28 1 21 С.Сейфуллин атындағы 31 5 29 2 22 Қонысбай 1 6 30 3 23 Симферополь 2 9 31 4 24 Бірлестік 5 10 3 5