Об организации социальных рабочих мест в Аккольском районе в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 2008 жылы ұйымлар мен кәсіпорындарда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрған кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбелері бекітілсін (2 қосымша) (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысы бюджет қаражатынан және Қазақстан Республикасының «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген, ең төменгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде жұмыс берушінің жартылай өтемақысымен төленсін.
Тармақ 5
5. Қаржы бөлімі, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды ауданның 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының көрсеткіштеріне сай қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 ақпандағы № А-2 64 «2007 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы», 2007 жылғы 13 наурызда № 1-3-66 (Ақкөл аудандық әділет Басқармасында тіркелген) қаулысы күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынас арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.