Құжат мәтініне өту

2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қаулы · № 63 · қабылданған 08.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.04.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39214/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 63 ·08.04.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

ҚАЗ2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 63 · қабылданған 08.04.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
08.04.2008
Көрсетілген редакция
08.04.2008 · қолданыстағы 39214_332400.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
08.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KM000048
ЭКБ идентификаторы
39214
Редакция идентификаторы
39214_332400
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:41

0 2008 жылы азаматтарды

мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 7 қаңтарындағы Заңдарына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімде әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдьщ 1 сәуіріндегі №563 Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін Қарқаралы ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (Е.Қ.Әбдіқашев - келісім бойынша) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру сұралсын.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (№1 қосымша).

3 3. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық байқаудан өткізу үшін Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінен (М.З.Шайдаров - келісім бойынша) қолғабыс көрсету сұралсын.

4 4. Аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (А.Т.Түсіпов - келісім бойынша) аудандық жиналу пунктінің бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылау сұралсын.

5 5. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Қ.Ахметжанов) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды «Тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.

6 6. Аудандық ішкі істер бөлімі (С.С.Дюсетаев - келісім бойынша):

1 1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізу;

2 2) шақыру учаскелеріне келетін азаматтарды тасымалдауда жол - қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, тасымалдайтын көліктің техникалық ахуалының дұрыс болуын қадағалау;

3 3) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып шақыру пунктерінде, жөнелту станцияларында, жиналу пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру сұралсын.

7 7. Қала, кент, селолық округ әкімдеріне кестеге сәйкес азаматтарды шақыру комиссиясына уақытында келуін қамтамасыз ету (№ 2 қосымша) және шақыру учаскелеріне келетін азаматтарды тасымалдауда жол - қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жауапты адамдар бекіту тапсырылсын.

8 8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.М.Жұманбаев) шақыруға жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін ақылы қоғамдық жұмыс есебінен 3 жұмыссыз адамды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберуді ұйымдастырсын.

9

9. «2007 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізі туралы» Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 24 сәуіріндегі №96 қаулысының күші жойылсын (Қарқаралы ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 4 мамырында №8-13-30 тіркелген, «Қарқаралы» газетінде 2007 жылдың 12 мамырында №37-38; нөмірінде жарияланған).

10 10. Осы қаулы Қарқаралы ауданының әділет басқармасына мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.

11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаевқа жүктелсін.

12 12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Б.Қ. Ахметжанов
08 сәуір 2008 жыл
«Келісілді»
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Е.Қ. Әбдіқашев
08 сәуір 2008 жыл
«Келісілді»
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
С.С. Дюсетаев
08 сәуір 2008 жыл
«Келісілді»
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Б.М. Жұманбаев
08 сәуір 2008 жыл
«Келісілді»
Аудандық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
А. Түсіпов
08 сәуір 2008 жыл
«Келісілді»
Облыстық денсаулық сақтау
департаментінің бастығы
М.З. Шайдаров
08 сәуір 2008 жыл

1 2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2008 жылдың «8» сәуірдегі
№63 қаулысына № 1 қосымша
2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыру комиссиясының құрамы
1. Ержан Қайдарұлы Әбдіқашев Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша).
2. Әлиұлы Сайлау Аудан әкімі аппаратының үйлестіру
бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.

3 3. Ержан Ерғалиұлы Әлішев Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша).

4 4. Мағира Райымбекқызы Абеуова медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша).

5 5. Меруерт Төкенқызы Жумажанова комиссия хатшысы

(келісім бойынша).

2 2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі медициналық сараптама өту кестесі

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2008 жылдың «8» сәуірдегі
№63 қаулысына № 2 қосымша
2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі медициналық сараптама өту кестесі

Селолық округтер
Адам саны
Уақыты
1.
Қарқаралы
100
07.04.08 - 08.04.08ж.
2.
Егіндібұлақ
31
04.04.08ж.
3.
Қарағайлы
60
09.04.08 - 10.04.08ж.
4.
Абай
5
01.04.08ж.
5.
Аманжолов
20
03.04.08ж.
6.
Балқантау
10
02.04.08ж.
7.
Бақты
10
02.04.08ж.
8.
Бесоба
20
02.04.08ж.
9.
Жанатоған
6
04.04.08ж.
10.
Қайнарбұлақ
30
10.04.08ж.
11.
Қаракөл
5
04.04.08ж.
12.
Қаршығалы
20
11.04.08ж.
13.
Қоянды
10
02.04.08ж.
14.
Қыргыз
10
10.04.08ж.
15.
Ақжол
6
01.04.08ж.
16.
Мәди
9
01.04.08ж.
17.
Нүркен
30
03.04.08ж.
18.
Нұрмақов
10
14.04.08ж.
19.
Тәттімбет
4
01.04.08ж.
20.
Тегісшілдік
10
14.04.08ж.
21.
Темірші
20
01.04.08ж.
22.
Томар
30
14.04.08ж.
23.
Угар
6
01.04.08ж.
24.
Шарықты
30
11.04.08ж.
25.
Ынталы
8
04.04.08ж.
Барлығы
500 адам